Жас ғалымдар кеңесі

Жас ғалымдар кеңесі

Университетімізде Жас ғалымдар Кеңесі жаңа құрамда  бекіту мақсатында Жас ғалымдар Кеңесінің отырысы өтті.Әр факультеттің  Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы сайланды.  Білім ордамызда 35 жасқа  дейін 60 жас ғалымдар қызмет атқарады.  Жас ғалымдардың жариялаған мақалалар саны – 178  (кесте 8, диаграмма 3).

 

 

Факультеттер

Жас ғалымдар

саны

Жас ғалымдармен жарияланған мақалалар саны

2017

2018

2017

2018

1

Филология

9

16

44

50

2

Жаратылыстану

11

17

70

85

3

Педагогика-гуманитарлық

32

33

160

185

4

Физика-математика

 

17

54

65

5

Кәсіптік-шығармашылық факультеті

12

7

54

60

6

Дене шынықтыру және спорт

-

4

 

15

Барлығы

64

94

382

460

 
   

Университетте  Елбасы Жолдауын   жүзеге асыру негізінде өзге де маңызды жұмыстар жоспарлары жасалуда. Соның бірі - болашақ  мамандар - студенттерімізді өз мамандығы аясында кәсіпкерлікке баулу. Студенттік стартапты дамыту. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік Бизнес-инкубаторымен келісім-шарт түзілді. Студенттік стартаптың университетішілік  Ережесі  жасалуда.

Цифрлік технологиялар, оның ішінде робототехниканы  дамыту мақсатында 2018 жылдың 17 ақпанында  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде “ROBOSHYM-2018” бірінші қалалық ашық ғылыми-техникалық ROBOPROJECT және ROBOSPORТ чемпионаты өтті. Чемпионатты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  педагогикалық университеті, «КазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы  және “Robopark” техникалық оқу орталығы бірлесе отырып өткіздіКонкурсқа жалпы мектеп, колледж және ЖОО-дың 93 команда, 186 оқушы-студенттер қатысты. “ROBOSHYM-2018” бірінші  қалалық ашық ғылыми-техникалық чемпионатында ROBOPROJECT /робопроект/ бағыты бойынша  45 проект қатысты. Бұл іс-шара Елбасы Жолдауын іске асырудағы маңызды бастамалардың бірі болып саналады.

2018 ж.сәуір айының  20-21 күндері Елбасы жолдауы аясында Қазақстан Республикасының Ұлтық ғылым академиясымен бірлесіп өткізілген «Төртінші өнеркәсіптік революцияға 10  қадам: адами капиталды байыту мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға облыстың 40 мектебінен ROBOPROJECT жобасы негізінде оқушылар өздерінің ғылыми еңбектерін көрмеге ұсынды.

300 мыңға жуық халқы бар Мақтарал ауданындағы А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебіне ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің хатын  негізге ала отырып, 3 LEGO  MINDSTORMS  EV3 Education робот жинағын оқу орны атынан көмек ретінде сыйға тартылды.

Уинверситеттің «Робототехника» зертханасы 7 LEGO  MINDSTORMS  EV3 Education робот жинағымен, 15 моноблок, 1 мультимедиялық подиум және 1 3D принтерімен жабдықталған.Аталған зертханада  студенттерге дәріс өткізіліп, үйірме жұмыстары жүргізіледі.Шымкент қаласының №2 мамандандырылған үштілде оқытатын мектеп-интернаты, Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейдің оқушылары университеттің робототехникасының базасында сабақ оқиды. 

          Сонымен қатар   2018 жылы университетті SMART- университетке көшіру жұмыстары басталды: «Univer 2.0» ақпараттық-бағдарламалы комплексі орналастырылуда, жобаның жалпы құны – 7,5 млн. теңгені құрайды.

Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы: Баймишева А. - Информатика кафедрасының магистірі;

Хатшысы: Ержанов А. Тіл білімі кафедрасының магистірі                            

ОҚМПИ-дың Жас ғалымдар кеңесі ректор бұйрығымен 2011 жылы құрылған. Жас ғалымдар кеңесі института жұмыс істейтін жас ғалымдар мен мамандардың мүддесін қорғайтын орган болып табылады.  Жас ғалымдар кеңесінің негізгі іс-әрекеті институттың жас ғалымдарының басын біріктіріп, олардың ғылыми әлеуетін барынша толықтай іске асыруы мен кәсіби деңгейін жетілдіруге ықпал ету болып табылады.  

Жас ғалымдар кеңесі қызметінің негізгі міндеттері:

  • Қазақстандық ЖОО-да, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерде өтілетін ғылыми бағдарламалар, қорлар, жобалар, конференциялар, семинарлар және басқадай шаралар туралы жас ғалымдарға ақпарат беру;
  • Білім мен ғылым жетістіктерін, озық тәжірибені насихаттау ісіне қатысу, институт студенттері, оқушылар мен орта арнаулы оқу орындары білім алушыларына ғылыми-педагогикалық шығармашылық ізденіс ұйымдастыру;
  • Арнайы іс-шаралар жүйесі: конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, мектеп пен тренингтер арқылы институттың жас ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстарын белсендіру;
  • Қазақтанның басқа ЖОО-ның және шет ел ғалылымдарымен байланыс орнату;
  • Институт жас ғалымдарының кәсіби деңгейлерінің өсуіне, олардың біліктіліктерін жетілдіру үдерісіне ықпал ету.