Ғылыми шаралар

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор  Иманбаев Н.  Web of Science, Scopus система навигации в мире научных публикаций тақырыпта ғылыми семинар өткізді. Семинарға университеттің ПОҚ қатысты. Семинарда ғалым  Скопус, Томсен базасында мақала жариялау жолдары мен мақаланы талапқа сай  рәсімдеу туралы жан-жақты ой қозғады. Ғалым өз мақаласы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ғалымға ПОҚ жарияланымға байланысты сұрақтар қойып, жарияланым аясында талқылаулар жасалды.

  

 

Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласына 1 жыл толуына орай университетте 2018 күнтізбе жылында  5 халықаралық,  3 республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар  ұйымдастырылып, нәтежиелері ғылыми  жинақтарда жарияланды.

Халықаралық конференциялар

  • «Ұлттық бірегейлікті сақтау және дамытудың педагогикалық оқу орындарындағы жүйеленген әдіс-тәсілдері» Бектаев оқулары – 3 атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  (26 қаңтар 2018жыл).
  • «Үш тілде оқыту кезеңіне өтуде ағылшын тілін оқыту мен зерделеу: мәселелер зерттеулер және жетістіктер» студенттердің бірінші халықаралық  конференция (14-15 наурыз 2018 жыл).
  • «Төртінші өнеркәсіптік революцияға   10  қадам: адами капиталды байыту мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (20-21 сәуір 2018 жыл).
  • «Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы болашақ ұстаздың сана ашықтығын дамыту және қалыптастыру» Байтанаев оқулары – 6атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (18 мамыр 2018жыл).
  • «Қазіргі заманғы саяси және мәдени кеңістіктегі өнер мен білім»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (7 қараша 2018 жыл)

Республикалық конференциялар

  • Омар Базаркүл Қалтайқызының 70 жылдығына  арналған  «Білім салтанатын құрудағы мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекеті» атты республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция (28 ақпан 2018жыл).
  • «Ақпараттық қоғам және жастар» атты студенттердің дәстүрлі республикалық VІI ғылыми-тәжірибелік  конференция (9-10 сәуір 2018жыл).
  • Нариман Жұмашұлы Нұрпейісовтің  60 жасқа толу мерейтойына арналған «Әдеби мұра – рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» атты республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция (23 маусым 2018жыл).