Бірінші проректор - оқу - ісі жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

ИСАБЕК БАРШАГҮЛ ҚАШҚЫНҚЫЗЫ

 Бірінші проректор -  оқу - ісі жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

1990 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімшесін тарих мамандығы бойынша  үздік дипломмен бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы  ХҚТУ ШБ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасында  машықтанушы-ізденуші болып бастады.  1998-2002 жылдары «Бүкіләлем тарихы» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, 2000-2002 жылдары тарих факультеті деканының орынбасары, 2002-2003 оқу жылында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, 2003-2004 оқу жылында сырттай оқу факультеті  деканының орынбасары қызметтерін атқарды.         2004-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институты тарих факультетінің, 2008-2011 жылдары тарих және заң факультетінің деканы, 2011-2012 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетінің деканы қызметтерін абыроймен атқарды.

Б.Қ. Исабек 1999 жылы 27 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында  07.00.02 - Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)” мамандығы бойынша “ Академик Р.Б. Сүлейменов: Қазақстан тарихын зерттеудегі үлесі және ғылыми – ұйымдастырушылық қызметі” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2008 жылы доцент ғылыми атағына ие болды.

Б.Қ. Исабек 100-ге жуық ғылыми мақала, 1 монография, 6 оқу құралы, 6  авторлық оқу бағдарлама, 12 оқу-әдістемелік құрал жариялаған. Бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасаған. Стамбул, Измир, Мәскеу, Ташкент, Астана, Алматы  қалаларында білімін жетілдіріп, біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Б.Қ.Исабек  2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің  2006-2008 жылдардағы  Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері болды. 2008 жылы ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

 Қоғамдық және шығармашылық еңбектері бағаланып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Б.Қ.Исабек 1999 жылдан бастап Шымкент қалалық және облыстық «Жас ғалымдар кеңесінің» белсенді мүшесі болды.  Оңтүстік Қазақстан әкімінің және Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы Елбасының Жолдауын насихаттау жөніндегі лекторлар тобының белсенді мүшесі, үгітшісі. 2005 жылдың қорытындысы бойынша «Ең үздік лектор» номинациясын жеңіп, дипломмен марапатталды.

 Б.Қ.   Исабектің жетекшілігімен бірнеше магистрлық диссертациялар және дипломдық жұмыстар  қорғалды. Шәкірттері Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұйымдастырған республикалық олимпиадалардың, ғылыми жұмыстардың, «Болашақ» стипендиясының жүлдегерлері болды. Б.Қ. Исабектің тікелей жетекшілігімен бірнеше республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялар  және Республикалық Олимпиадалар өткізілді.

2012 ж. тамыздан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының  тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, 2014 ж.   қыркүйегінен бастап әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор-1-проректор міндетін атқарушы болып еңбек етіп, 2015 ж. 6 қантардан Бірінші-проректор- оқу ісі жөніндегі проректор қызмет атқаруда.