Хабарландыру

Құрметті Талапкер-2020 сіздер үшін

24.04.20

Құрметті талапкер -2020, сізді Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті оқуға шақырады. 2020 жылдың 20 сәуір – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау өтеді. ҰБТ 20 маусым – 5 шілде аралығында болады. Осы 2020 жылдың 20 маусым – 5 шілде аралығында болатын ҰБТ-ге қатысуға кеңес береміз. Себебі ҰБТ-ға (маусым айындағы) қатыспаса, грант конкурсына қатысуға өтініш бере алмайды. Биылғы 11 сынып оқушылары өтініш беру үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында онлайн тіркеледі.

Оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Исабек Баршагүл Қашқынқызы студенттермен 23.04.2020 жылы сағат 15-30 да инстаграм желісінде онлайн кездесу өткізеді

21.04.20

ОҚМПУ Оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Исабек Баршагүл Қашқынқызы студенттермен 23.04.2020 жылы сағат 15-30 да инстаграм желісінде онлайн кездесу өткізеді. Құрметті студенттер оқу, диплом қорғау, мемлекеттік емтихан тапсыру, жазғы емтихан сессиясына байланысты сұрақтарды қоюларыңызға болады.

Ғылыми конференцияға шақырамыз

20.04.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті жас ғалымдар мен студенттерді жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық ІХ ғылыми тәжірибелік конференцияның онлайн форматындағы пленарлық мәжілісіне қатысуға шақырады. Мәжіліс 2020 жылдың 24 сәуірі күні сағат 10.00-де басталады.

Қашықтықтан оқыту лекцияларын дайындау бойынша нұсқаулық

15.04.20
ОҚМПУ Оқытушы-профессор құрамдарына қашықтықтан оқыту лекцияларын (видеолекция) дайындау нұсқаулығы мен компьютерлік бағдарламаларын ұсынамыз:

ХАБАРЛАНДЫРУ

15.04.20

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

         Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 2020 жылдың 15-сәуіріне  дейін «ОҚМПУ хабаршысы – Вестник ЮКГПУ»  ғылыми-әдістемелік журналына  мақала қабылдаймыз.  

Почта: ,

Реквизит

Мекеме атауы

Беттер

Subscribe to RSS - Хабарландыру