Жаңалықтар

Кітап - досым, ақылшым ! 

28.04.20

        Қашықтықтан оқып  білім алу адамдардың біразын әбігерге салғаны рас, дегенімен пайдасын да көріп жатыр. Шыны керек қашықтықтан білім алу арқылы сабырлылыққа, уақытты тиімді пайдалануға, отбасымызға қамқорлық көрсетуге, кітап оқып білімімізді шындауға уақыт бөле бастадық. Осыған қарап бұған дейін қарбалас күйбең тіршілікпен жүріп отбасымыз жиі басқосуды,   емен-жарқын әңгімелесіп, жарқылдап күлуді де ұмытқандай екенбіз-ау деп ой түюге болады.

Студенттер онлайн сынаққа әзірлігін бастады

24.04.20

Сессия. Емтихан.  Дипломдық жұмыс. Оқу семестрі аяқталуға жақындаған сайын осындай білім сынақтарының жайы студенттерді толғандыра бастады.  Осыған орай ОҚМПУ-і оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек онлайн байланыс арқылы студенттермен тікелей эфирде жүздесті. Бірнеше сағатқа созылған эфир барысында студенттер әсіресе  ауылды жерлерде интернет байланысының нашарлығы немесе мүлдем жоқтығына шағымданды. Бұл  олардың сабаққа әзірленуіне, тақырыпқа сай ізденуіне, мұғалімдермен кері байланыс орнатуына мүмкіндік бермей отыр.

Вебинарда білім берудің өзекті проблемалары талқыланды

23.04.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Білім берудің өзекті проблемалары: қашықтықтан оқыту технологиялары" тақырыбында онлайн семинар өтті.  Қашықтықтан оқыту технологияларын білім беру процесінде кеңінен қолдану тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған  ғылыми басқосуды білім ордасы ректорының міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева ашып берді. Семинарға Қазақстан, Ресей, Литва жоғары оқу орындарынан спикерлер қатысты. Қатысушылар бір-бірімен  Webex Meetings бағдарламасы арқылы байланыс орнатты.

Байқауға қатысып, грант жеңіп алды

22.04.20

ОҚМПУ-дың PhD докторы Әлия Оралбекова жас ғалымдарға арналған байқауға қатысып, ұсынған жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды. Ғалым байқауға «Әлемді тану» компьютерлік бағдарламасын қолдана отырып, «Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды бейімдеу»  жобасын ұсынған.

Оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Исабек Баршагүл Қашқынқызы студенттермен 23.04.2020 жылы сағат 15-30 да инстаграм желісінде онлайн кездесу өткізеді

21.04.20

ОҚМПУ Оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Исабек Баршагүл Қашқынқызы студенттермен 23.04.2020 жылы сағат 15-30 да инстаграм желісінде онлайн кездесу өткізеді. Құрметті студенттер оқу, диплом қорғау, мемлекеттік емтихан тапсыру, жазғы емтихан сессиясына байланысты сұрақтарды қоюларыңызға болады.

Ғылыми конференцияға шақырамыз

20.04.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті жас ғалымдар мен студенттерді жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық ІХ ғылыми тәжірибелік конференцияның онлайн форматындағы пленарлық мәжілісіне қатысуға шақырады. Мәжіліс 2020 жылдың 24 сәуірі күні сағат 10.00-де басталады.

Академия мүшелігіне қабылданды

20.04.20

ОҚМПУ студенті  Тоқтамыс Нұрболат Баратұлы Үздік студенттер академиясының мүшесі атанды. Бұл -  "Bilim-orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының тұңғыш ұйымдастырып отырған жобасы.  Нұрболат университетіміздің жаратылыстану факультетінде оқиды.  Ол енді білім өркениеті сайтына оқу жылы бойында 5 мақала жазуға мүмкіндік алды.
Нұрболатқа Әлия Битемірова жетекшілік жасайды.

Ректор студенттермен тікелей эфирде сөйлесті

17.04.20

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры міндетін атқарушы Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаева Instagram платформасында студенттермен тікелей эфир өткізді. Платформа кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі бүгінгі таңда бұл мобилді қолданба жастар арасында үлкен сұранысқа ие.

Ақынмен болған сырласу

17.04.20

Ақын Әлімжан Әлішермен болған кездесу өте әсерлі сарында, сезімдерді тербеткен ауанда өтті. Кеш барысында ақынның өмірі жайлы,өнер жолындағы жетістіктері ,болашаққа деген жоспарлары жайында  хабардар болдық.  Тыңдармандардың сұрауына орай ақын  ғашықтардың "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" күніне  арналған өлеңдерін оқып берді.   Ақынға өз тарапымнан айтар бірді-екілі ескертпем де  бар. Әсіресе өзін ұстау этикасы мен өлең оқу мәнерін мұнан әрі жетілдіре түскенін қалар едім.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар