Жаңалықтар

Жаңартылған  бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны

18.01.18

               Университетте “Жаңартылған білім беру бағдарламасы” бойынша оқу-әдістемелік апталығы өтті. Семинарда оқу ордасының ұстаздары “Критериалды бағалау жүйесі. Бағалау механизімі”, “Сауат ашу пәнінің ерекшеліктері”, “Бастауыш сыныптағы математика және АКТ пәндері”, “Инклюзивті білім беру”, “Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша дүниетану пәнін оқыту" тақырыбында баяндамалар оқыды.

96

"Бектаев оқулары" басталады

17.01.18

Университетте "Бектаев оқуларын" ұйымдастыру комитеті жұмысын бастады. Жыл сайынғы дәстүрлі шара осымен үшінші рет өткелі отыр. Философия ғылымының докторы, академик Қалдыбай Бектаевқа арналған ғылыми практикалық  конференция 28 қаңтарда өтеді.

88

Кітап көрмесі өтуде

16.01.18

Университет кітапханасының ұйымдастыруымен 15-19 қаңтар аралығында оқу ордасында  кітап көрмесі өтеді. Онда оқырмандарға  2017 жылы жарық көрген  әдеби шығармалар таныстырылады. Сондай-ақ сөрелерге  қазақ, орыс және шет тілінде баспадан жарық көрген ғылыми, оқу-әдістемелік,  анықтамалық, энциклопедиялық және түрлі салаға арналған сөздіктер  де қойылып отыр. Бұл кітаптар "Бастау", "Фолиант", "Эверо", "Ассоциация ВУЗов" баспаларынан шыққан. Көрмеге қойылған кітаптар тақырыптық және салалық мазмұнына қарай  бөлінген.

81

Оқу әдістемелік апталығы басталды

15.01.18

Университетте оқу әдістемелік апталығы басталды. Енді апта бойына  оқытушылар шетелдік педагогтардан  үйреніп келген  жұмыс тәсілін талқылайтын болады. Білім ордасының 40-астам ұстазы  былтыр Англия, Испания, Португалия, Жапония және Германия елдерінінің ЖОО-да тәжірибе жинақтап, біліктілігін арттырып келді.  Оқу әдістемелік апталығында олар дамыған мемлекеттердегі оқу процесінің артықшылығы мен жетістіктерін егжей-тегжейлі  саралап, өз әріптестеріне үйретпек. Ондағы мақсат-университеттегі білім беру  сапасын арттыру болып отыр.

78

"Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағы берілді

10.01.18

Облыс мәслихатының кезекті сессиясында депутаттардың шешімімен ОҚМПУ ректоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, п.ғ.д., профессор Оңалбай Аяшевқа "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағы берілді. Ел ағасын мәртебелі атағымен құттықтаймыз!

Денсаулық, табыс, бақ-береке тілейміз!

74

Бітіруші түлектер мен магистр оқытушылар үшін семинар өткізілді

09.01.18
Университетімізде Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен “Үш тілді білім беру” тақырыбында семинар өтті. Басқосуға қатысушылар СМК бөлімінің басшысы Р.Ж. Әбішева және Н.Н. Төлебаевтың баяндамасын тыңдады. Семинар барысында химия, биология, физика, информатика бойынша тренинг сабақтары өткізіліп, бітіруші түлектер, магистр оқытушылар теориялық білімдерін толықтырды.
64

Студенттер үш тілде білім алуда

03.01.18
Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық университетінде оқу ордасының ректоры, профессор О. Аяшевтың қолдауымен және химия кафедрасының меңгерушісі Г. Мәдібекованың басқаруымен 2012-2013 оқу жылынан бастап химия мамандығы ағылшын тілінде оқытылып келеді
86

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар