Жаңалықтар

Университетте робототехника сайысы өтеді

30.01.18

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде облыс бойынша  алғаш рет «ROBOSHYM 2018» деген атаумен робототехника сайысы өтпек. Оған «Robo Park»  техникалық оқу орталығы мен білім беру және спорттық робототехника федерациясы қатысады.  Сайыстың басты мақсаты өңірде балалар мен жасөспірімдерді робототехникаға байланысты ғылыми ізденістерге баулу, үйрету. Сондай-ақ қоғамда ғылыми-техникалық шығармашылықты жан-жақты насихаттау, инженерлік мамандықтарды дәріптеу

Университетте волейбол жарысы өтеді

29.01.18

Университетте 6 ақпаннан бастап  студенттер мен орта мектептің 11 сынып оқушылары арасында волейбол  жарысы өтеді. Оған Шымкент қаласындағы 50-ден астам мектептің командасы қатысады. Денешынықтыру және спорт кафедрасының  оқытушылары жарысқа қатысушыларды спорт сайысынан бос кезде білім ордасының материалдық техникалық базасымен таныстырады. Спорттық шара жастарды салауатты өмір сүруге бейімдеуді мақсат тұтып отыр.

Студенттер тәжірибе   ісін бастап кетті

22.01.18

Университеттегі 2-3 және 4 курс студенттері орта мектептердегі тәжірибе   ісін бастап кетті. Олар Астана,  Алматы,  Қызылорда және  Тараз қаласындағы білім ошақтарында шәкірттердің білімін ұштайды.

Жаңартылған  бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны

18.01.18

               Университетте “Жаңартылған білім беру бағдарламасы” бойынша оқу-әдістемелік апталығы өтті. Семинарда оқу ордасының ұстаздары “Критериалды бағалау жүйесі. Бағалау механизімі”, “Сауат ашу пәнінің ерекшеліктері”, “Бастауыш сыныптағы математика және АКТ пәндері”, “Инклюзивті білім беру”, “Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша дүниетану пәнін оқыту" тақырыбында баяндамалар оқыды.

"Бектаев оқулары" басталады

17.01.18

Университетте "Бектаев оқуларын" ұйымдастыру комитеті жұмысын бастады. Жыл сайынғы дәстүрлі шара осымен үшінші рет өткелі отыр. Философия ғылымының докторы, академик Қалдыбай Бектаевқа арналған ғылыми практикалық  конференция 28 қаңтарда өтеді.

Кітап көрмесі өтуде

16.01.18

Университет кітапханасының ұйымдастыруымен 15-19 қаңтар аралығында оқу ордасында  кітап көрмесі өтеді. Онда оқырмандарға  2017 жылы жарық көрген  әдеби шығармалар таныстырылады. Сондай-ақ сөрелерге  қазақ, орыс және шет тілінде баспадан жарық көрген ғылыми, оқу-әдістемелік,  анықтамалық, энциклопедиялық және түрлі салаға арналған сөздіктер  де қойылып отыр. Бұл кітаптар "Бастау", "Фолиант", "Эверо", "Ассоциация ВУЗов" баспаларынан шыққан. Көрмеге қойылған кітаптар тақырыптық және салалық мазмұнына қарай  бөлінген.

Оқу әдістемелік апталығы басталды

15.01.18

Университетте оқу әдістемелік апталығы басталды. Енді апта бойына  оқытушылар шетелдік педагогтардан  үйреніп келген  жұмыс тәсілін талқылайтын болады. Білім ордасының 40-астам ұстазы  былтыр Англия, Испания, Португалия, Жапония және Германия елдерінінің ЖОО-да тәжірибе жинақтап, біліктілігін арттырып келді.  Оқу әдістемелік апталығында олар дамыған мемлекеттердегі оқу процесінің артықшылығы мен жетістіктерін егжей-тегжейлі  саралап, өз әріптестеріне үйретпек. Ондағы мақсат-университеттегі білім беру  сапасын арттыру болып отыр.

"Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағы берілді

10.01.18

Облыс мәслихатының кезекті сессиясында депутаттардың шешімімен ОҚМПУ ректоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, п.ғ.д., профессор Оңалбай Аяшевқа "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағы берілді. Ел ағасын мәртебелі атағымен құттықтаймыз!

Денсаулық, табыс, бақ-береке тілейміз!

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар