Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

27.11.18
Кешкі оқыту және дайындық факультетінің 3-курс студенті Рақыш Арайлымды қазақ күресінен Петропавл қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында І орын иеленуімен құттықтаймыз! Оқуда, спортта шығармашылық табыстар тілейміз!

Ғылым мен білімді дамыту жайы сөз болды

27.11.18

ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Тайкенова Майраш Ғұмарқызы Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындары басшылары және студенттермен кездесті.  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің үлкен мәжіліс залында өткен семинарда Қазақстандағы білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асу жолдары мен болашақтағы міндеттер жайлы кеңінен сөз болды.

«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша үш тілде оқыту  ашық дәріс сабағы өтті

09.11.18

2018 жылдың 7 қараша күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеттінде «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша үш тілде оқыту  ашық дәріс сабағын «Информатика» кафедрасының аға оқытушысы  т.ғ.к. Камшат Жамалова өткізді.

Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты

07.11.18

    Облыстағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жыл бойына атқарған жұмыстарымен жастарды таныстыру мақсатында ОҚМПУ-де «Ашық есік» онкүндігі басталды. Университет студенттерімен  бірге оны Шымкент қаласындағы  өзге  ЖОО өкілдері мен шәкірттері де танысуда. Сондай-ақ осында оқып жүрген  шетелдік азаматтығы бар жастар бағдарламалық мақаланың мазмұны туралы кең, ауқымды мағлұматтар алды.

ОҚМПУ ұлттық спорт түрлерін жаңғыртуда

05.11.18

Университетте "Ұлттық спорт-қазақ намысының қайнары" деген атпен студенттер арасында тоғызқұмалақтан сайыс өтті. Оны "Рухани жаңғыру" орталығының жұмыс жоспарына сай   "Дене тәрбиесі" кафедрасы ұйымдастырды. Аса тартысты өткен спорт жарысында 1-орынды Дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенті Тұрғынбекова Гүлден жеңіп алды. Ал екінші және үшінші орынды 4-курс студенті Қалхозбек Нұрбол мен Рысбеков Олжас иемденді.

Диспут турнирінде 1 орын алды

02.11.18

        ОҚМПУ-нің ректоры Оңалбай Аяшев студенттердің "Болашақ" пікірсайыс клубы мүшелерімен кездесті. Олар оқу ордасының басшысына Алматы қаласында өткен республикалық диспут турнирінде көрсеткен өнерлері мен одан алған әсерлері жайлы әңгімелеп берді. Студенттік 100 команда қатысқан бұл сайыстан "болашақтықтар" жүлделі 1 орынды еншілеп қайтты.

Студенттердің қатысуымен сән байқауы өтті

29.10.18

ОҚМПУ-нің студенттері Шымкент қаласында өткен "Қазақстан фэшн уик" отандық сән байқауының өтуіне белсенді атсалысты. Олар Аида Қауменова және өзге де қазақстандық дизайнерлердің авторлық жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Ізденімпаз жастарға университет дизайнері Мақпал Төреханова жетекшілік етеді.

Әлем чемпионымен болған кездесу

29.10.18

              ОҚМПУ-і жанындағы шахмат мектебінде шахматтан бес дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәлікпен кездесу өтті. Халықаралық деңгейдегі гроссмейстер бүгінгі таңда жасы 20 ға дейінгі дүниежүзіндегі ең мықты 15 шахматшының санатында. Кездесу кезінде Жансая жанкүйерлерге қолтаңба таратып, сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ шахмат ойнауды енді үйреніп жүрген жас спортшылармен пікірлесті.

Құттықтаймыз!

25.10.18

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті елімізде алғашқылардың бірі болып, 100 пайыз мемлекет үлесіндегі коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Оқу ордасын жаңа құқықтық мәртебесімен құттықтаймыз!

Шетелдік мамандар дәріс беруде

25.10.18

ОҚМПУ-де бұл күндері  Польша елінен келген тәжірибелі мамандар  дәріс беруде. Шетелдік профессор Марцин Душински  студенттерге "Макраэконмиканы" оқытса, профессор Антони Пардала шәкірттермен бірге геометриялық  есептерді шешуде. Сондай-ақ студенттер Египеттен келген  PhD доктор Мустафа Селмидің де лекцияларын қызығып тыңдап жүр. Ол ландшафт және физикалық география тақырыбында сабақ өтуде.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар