Жаңалықтар

ОҚМПИ дің IT-мамандары білім беру саласындағы ақпарттық технологиялар бойынша Алматы қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысты.

04.12.15

Басқосуға еліміздің 40-қа жуық  жоғары оқу орнының оқытушылары, ІТ технологиялық  білім беру ұйымының директоры және сауда таңбасын иеленушілер қатысты.

Кемеңгерлік келбеті

02.12.15

Еліміздің Тұңғыш Президенті күні мерекесі күніне орай биылғы жылы ОҚМПИ-да өткізілген мерекелік іс шаралар студентердің жадында тағылымды да әсерлі тұстарымен есте қалды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін өнер байқаулары, қолөнер шеберлерінің көрмесі, спорттық шараларды айтпағанда жастар бұл жолы ұлттық мүдде мен ел Тәуелсіздігі жолында ерен еңбек сіңірген екі бірдей танымал тұлғамен жүздесіп, пікірлесті. Олар «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Сауытбек Әбдірахманов пен қоғам және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" байқауы аяқталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл шара оқу ордасында осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

02.12.15

Қазақстандық спортшылар садақпен атудан екі олимпиадалық жолдама иеленді. Оның біреуі ОҚМПИ студентінің еншісінде.

02.12.15

Қазақстандық спортшылар жуырда Бангкок (Таиланд) қаласында садақпен атудан өткен Азия чемпинатында екі олимпиадалық жолдама иеленді, деп хабарлайды sk-sport.kz.

Құрлықтық чемпионатта Қазақстанның атынан 14 ұлттық құрама спортшысы сынға түсті.

Алматы облысының өкілі Сұлтан Дүзелбаев мен ОҚО тумасы Луиза Сайдиева «Олимпиадалық айналым» М-1 жаттығуында 9-орынды иемденді және садақпен атудан Азия федерациясының шешімімен бұл қос спортшыға 2016 жылы Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасы тағайындалды.

Тұңғыш Президент күніне жастардың тартуы бар

25.11.15

Шымкентте Тұңғыш Президент күні қарсаңында түрлі мәдени-танымдық шаралар басталды. Әуелі өңірдің жас ақындары аламан айтысқа шығып, елдік пен егемендік тақырыбында сөз сайысқа түсті.  Ал әншілер «Ұлы дала елінің әндері» атты өнер байқауында бақтарын сынап, өнер әлеміне жолдама алмақ.   Суретшілер мен қолөнер шеберлері де көпшілікке тың туындыларын ұсынуда. Спортшылар бәсекесі де мереке көрігін қыздыра түсуде.

ОҚМПИ-де «Жолдар, бізді шақырыңдар» атты кітаптың тұсаукесері өтті

06.11.15

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының түстіктегі өкілдігі, шуақты өлкедегі ақпарттың жаршысы-«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының әуе толқыны арқылы хабар тарата бастағанына биыл 25 жыл толды.

Командировка

06.11.15

Қазан айының 19-24 жұлдызында іс- тәжірибе бөлімінің басшысы Мамадияров Марат Дүйсенұлы арнайы іс-сапармен Мақтарал, Сарыағаш, Созақ аудандарына білім бөлімдерімен және мектептер мен мекемелерді негіздемеге ала отырып екі жақты меморандумға қол қойды.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар