Ректордың мақалалары

Ел санасын еселеген бастама

21.02.19

Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың  дара жолы, адам бала­сының ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабыл­дай білуі. Ой жаңарса, дәстүр жан­данады. Дәстүр жанданса, рух күшейеді. Рух күшейсе, ұлт көркейеді. Қазақты сан ға­сыр­лық аңсаған арманы мен жар­қын күнді көрсем деген мақ­сат-үміті бүгінгі ғажап күнге жет­кізді. Ғұмырлық қызметін қазақ халқының тәуелсіз ел, өркен­деген ұлт болуына арнап, сол жолда құрбан болған ба­ба­лардың қайсар үні бүгінгі жас­тарымыздың бойына ата-ана тәрбиесімен сіңді.

Елбасы Жолдауы зор жауапкершілік жүктеді

21.02.19

             Президент Н.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арна­ған Жолдауларында білім сала­сын ешқашан назардан тыс қал­дыр­­ған емес. Биыл да еліміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуының негіз­дерін көрсеткен Елбасы адам ка­пи­та­лының дамуына, оның ішінде білім саласына ерекше тоқталды. Елбасы өз Жолдауында «Бар­лық жастағы азаматтарды қам­титын білім беру ісінде өзіміз­дің озық жүйемізді құруды жедел­дету қажет.

«...Елге берген антым бар!»

21.02.19

Оңалбай АЯШЕВ,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
ОҚО мәслихатының депутаты.

Асқақ армандар мен межелі мақсаттар мекеніне айналған арайлы шаһар, жиырма жылдық мерейлі мерекесін тойлағалы отырған Астана жауһар дүниелер тудырған табысты дәуірді бастан кешуде.

Оңалбай Аяшев: Оқушылар жүктемесінің төмендетілетіні ұстаздар мен ата-аналарды қуантты Барлық құқықтар қорғалған.

21.02.19

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -   Тарихи мүмкіндіктер мен сынақты сәттерден тұратын төртінші өнеркісіптік революция дәуірінде жарияланған Елбасы Жолдауы - жетістікке жету кілті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшевтың пікірінше  айқындалған міндеттерді орындауда әрбір қазақстандық ынта-ықыласымен, жүрегімен атсалысуы қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңалбай Аяшев: Президент Жолдауы ел болашағын айқындайды Барлық құқықтар қорғалған.

21.02.19

ҚР Президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында білім саласын ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Биыл да еліміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуының негіздерін көрсеткен Елбасы адам капиталының дамуына, оның ішінде білім саласына ерекше тоқталды.

Өркениеттік таңдау өрісі

02.10.17

Ұлтымыздың латын әріптаңбалы жа­ңа әліпбиінің жасалуы – рухани жаң­ғы­ру­дың басты темірқа­зығы. Ұлттық сана­ның кемелденуі мен білім көкжиегінің кеңеюі. Латын әліпбиі арқылы алаштың ана тілін алты құрлыққа танытуға бетбұрыс жасап отырмыз. Саяси маңызы бар тарихи сәтке куә болу бақыты бұйырған азамат ретінде мен осыған қуанамын. 

Болашаққа бағдар жастарды арманға жетелейді

15.05.17

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖАСТАРДЫ АРМАНҒА

Тарихы терең, даласы дастан, рухани байлығы шексiз қазақ даласы ширек ғасыр уақытта әлем танымастай өзгердi. Түрленiп, ерекше кейiпке ендi. Қуатты, дамыған мемлекетке айналды

Ел бiрлiгiн сақтау – күрделi саясат. Ол үнемi жетiлдiрудi, қоғамдағы үрдiстердi ұдайы зерделеп, ой таразысынан өткiзiп, заманауи сын-қатерлерге уақтылы тойтарыс берiп отыруды қажет етедi.

Рух мәдениеті – асыл қазына

15.05.17

Тәуелсіздіктің ширек ғасыр­лық кезеңінде саяси-эконо­мика­лық ахуалын жоғары деңгейде орнықтырған Қазақ елі рухани жаңғыру жолында бұған дейін де жемісті істер атқарған. «Мәде­ни мұра», «Халық – тарих тол­қы­нында» бағдарламалары арқы­лы барымыз бағаланып, жоғы­мыз түгенделген. Жыл ба­сын­да жарияланған Үндеу мен «Қазақ­станның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жолдауда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси реформа мен экономикалық жаңғыру процестерінің нақты мақсат-міндеттері мен басымдықтарын, жету жолдарын саралап берген.

Әлемге сәуле сыйлаған құжат

03.05.16

Елбасының кешегі АҚШ астанасы – Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте бүкіл әлемге бейбітшілік үндеуін жариялауы қазақ халқына үлкен толғаныс алып келді. Елу елден келген делегаттар алдында жиынның алғы сөзі Президентімізге берілгені де кез­дейсоқтық емес екенін біз жақсы түсіндік. Бұл құрмет – Мемлекет басшысының дүниежүзілік саяси аренадағы зор беделінің куәсі.

Беттер

Subscribe to RSS - Ректордың мақалалары