Түлектер

АЯШЕВ ОҢАЛБАЙ

педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор

Аяшев Оңалбай Аяшұлы 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында  дүниеге келді. 1967 жылы  Қапланбек зоовет техникумын, 1971 жылы Шымкент педагогикалық институтын үздік дипломмен бітірген. 1971 жылдан Шымкент педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан,  проректор қызметтерін атқарған.

ИСАБЕК БАРШАГҮЛ

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Исабек Баршагүл Қашқынқызы 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан кеңшары, Мақташы ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Мақташы мектебіне барып, 1990 жылы Жамбыл орта мектебін  алтын медальмен бітірген.

1990 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институты тарих мамандығы бойынша  үздік бітірді.

ҚОБЛАНОВ ЖАНПЕЙІС

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы

 Қобланов Жанпейіс Нұрмаханбетұлы 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Мақталы ауылында дүниеге келді. 1984 жылы Шымкент педагогикалық  институтын, 2003 жылы  Алматы экономикалық университетін бітірді.

АРЗЫМБЕТОВА ШОЛПАН

педагогика ғылымдарының кандидаты

     Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы  1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Әңгір-Ата ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Төлеби ауданы, «Абай» орта мектебіне барып, 1990 жылы Шымкент қаласындағы №7 Қ.Сыпатаев атындағы орта мектебін алтын медальмен бітірген. 1990-1995 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығын үздік бітірген.

СМАНОВ  ІЛЕСХАН 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Сманов  Ілесхан  Сманұлы 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм  ауданы, Отырар бөлімшесінде дүниеге келген.

1969-1973 жылдары Шымкент педагогика институтының физика факультетінде  «Сурет және сызу» мамандығы бойынша оқып, білім алды. 1985-1990 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды.

ҚУАНЫШОВ САПАРБАЙ

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, доцент

Қуанышов Сапарбай Әбдіқайұлы  1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт  ауданына қарасты Қызыл таң елді мекенінде дүниеге келді. 1969  жылы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген.

ҚОЗЫКЕЕВА РАЙХАН

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Қозыкеева Райхан Әбілдақызы  1965 жылы Оңтүстік  Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Алтынтөбе ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Шымкент қаласындағы  Қ.Сыпатаев атындағы №7 орта мектепті бітірді.   

ДАЙЫРБЕКОВ СЕРІК

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Дайырбеков Серік Сансызбайұлы  1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, ХХI партсъезд атындағы кеңшардың Қайтпас-2 бөлімшесінде дүниеге келген. 1985 жылы Тельман бөлімшесіндегі №29 орта мектеп-интернатты бітірді.

МАМАЕВ ҚАЙРАТ

филология ғылымдарының кандидаты

Мамаев Қайрат Серікбайұлы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, “Күйік” кеңшарына қарасты Қызылдала аулында туған. 1974-1982 жылдары Қызылдала сегізжылдық мектебінде, 1982-1984 жылдары қазіргі Рабат аулындағы Жданов атындағы орта мектепте оқыған, 1984-1991 жылдары Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетінде оқыды. Оның арасында 1985-1987 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеді. Әскери шені – запастағы сержант.

Кафедра меңгерушісі

БАЙДЫБЕКОВА ЕРКЕ

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Беттер