ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ!

 

Біздің  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетның 80 жылдық  тарихында  отандық ғылым, білім беру  мен өнер дамуына зор үлес қосып жүрген   мыңнан астам маман даярлап шығарды.

2017 жылы  қараша айының 23- 24-25 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық  университеті өзінің 80 жылдығын атап өтті.  Осы уақыт ішінде  Университет   даярлап шығарған мыңдаған маман - бүгінгі белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, атақты ұстаздар  және спорт шеберлері.

Құрметті түлектер :

ОҚМПИ  түлектері қауымдастығы Университетіміздің дамуына зор ықпал етеді деп үміттенеміз.

ОҚМПУ -дың  әрбір түлегі өмір бойы Ұстаз атағын жоғары көтеріп, өзінің жоғары оқу орнының абыройын  арттырады деген сенімдеміз.

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ АССОЦИАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 1. Жалпы ережелер

  1. Жоғары оқу орнының түлектер Ассоциациясы (ары қарай-Ассоциация)

бұл жоғары оқу орны құрылымының бөлімшесі болып табылады.

  1. Ассоциация жоғары оқу орнының Жарлығына сәйкес құрылып, осы

ереженің еркінділік, өзін-өзі басқарушылық, жариялылық, заңға бағынушылық негіздеріне сүйеніп қызмет атқарады.

  1. Ассоциация заңды тұлға болып табылмайды. Ассоциацияның барлық

іс-әрекеттері ЖОО-ның аясында жүзеге асады

  1. Ассоциацияның қызмет атқару мерзімі шектелмеген.

 

2. Ассоциацияның мақсаттары мен міндеттері

Ассоциацияның мақсаттары келесі:

  • ЖОО-нын әр түрлі мерзімде бітіріп кеткен түлектермен байланысты

дамыту және жақсарту;

  • ЖОО түлектерін, студент жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге

әрекеттендіру, физикалық тұрғыдан денелерін шынықтыру;

  • ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында

Ассоциация мүшелерінің күш-жігерін бірлестіру;

  • нарықтық экономиканың сұраныстарын ескере отырып институттың

мамандықтарының перспективасын  анықтау;

  • Ассоциация мүшелерінің кәсіби өсуі;
  • Ассоциация мүшелері мен студенттердің іс-тәжірибелерін ұйымдастыру –

жас кәсіби мамандардың жұмысқа орналастыруын ықпалдандыру;

  • алыс және жақын шет елдердің институттарымен және басқа да

бөлімшелермен шығармашылық байланыстар құру;

  • жоғары оқу орнындағы кадр дайындау мәселесі мен жастар арасында

кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу;

  • институт кафедраларының филиалдарын мектептерде ұйымдастыру.

 

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді шешу керек:

  • Кәсіби қызметтері әр түрлі салада жүзеге асатын және әр түрлі уақытта

бітірген түлектермен - Ассоциация мүшелерімен ақпараттық байланыстарды ұйымдастыру;

  • түлектердің біліктілігін көтеру мақсатында әдістемелік және

ұйымдастырушылық көмек көрсету (біліктілігін көтеру курстары, магистратура, докторантура);

  • Ассоциация мүшелерінің қызметіндегі шешімін таппай жүрген ғылыми –

практикалық мәселелерді шешуге бағытталған институттың ғылыми әлеуетін тарту;

  • институттың барлық бағытындағы маркетингтік және консалтингтік

қызметтерін ақылы негізде жүзеге асыру;

  • Ассоциация мүшелерінің озық тәжірибесін оқу үдерісіне ендіру;
  • Ассоциация мүшелерінің кәсіби жетістіктерін дәріптеу;
  • Ассоциация мүшелерінің жұмыс атқарып жатқан орындарымен өндірістік,

ғылыми, оқу-әдістемелік байланыстарын жақсарту;

  • әр түрлі жастағы түлектердің мерейтой кездесулерін жүргізу және

ұйымдастыру;

  • кезектегі бітіруші түлектерді Ассоциацияға тарту;
  • студенттік еңбек биржасын (жәрмеңке) жоғары мектептермен бірлесе

отырып ұйымдастыру;

  • қайырымдылық қызметтерді жүзеге асыру;
  • Ассоциацияның мамандық бойынша бюллетеньдерін шығаруды

ұйымдастыру;

  • Ассоциация мүшелерін  билік атқарушы органдарына сайлануға ықпал

жасауына  көмек беру;

  • шет ел мемлекеттердегі мүшелерді Ассоциацияның жұмыстарына жыл

сайын шақыруды ұйымдастыру.

 

Ассоциация мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

  • Осы ереженің талаптарын мойындайтын, Ассоциация жұмыстарына

қатысатын жоғары оқу орнының оқытушылары немесе бітірушілері бола алады.

 

Ассоциация мүшелерінің құқықтары:

  • Институт аясында өткізілетін барлық біліктілігін арттыру курстарына

қатысу;

  • ЖОО-ның профессоры академиялық атағына ие бола алу;
  • материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында институтқа

демеушілік көрсету;

  • институт аясында өткізіліп жатқан барлық қызметтерге араласу;
  • Ассоциацияға байланысты ақпараттардың барлығынан хабардар болу;
  • Ассоциацияның қызметі аясындағы мәселелерді талқылау мен өзгерістер

енгізу;

  • Ассоциация кеңесінде таңдау және сайлану мүмкіндігіне ие болу;
  • өнертабыс пен ғылыми аспекттері бар фирма мен өндірістің қызметтері

туралы жарнамаларды институттың сайтына ақылы негізде орналастыру;

  • жарнама материалдары мен институттың ғылыми жинақтарында

мақалаларды жариялау мүмкіндігі болу;

  • компьютерлік сауаттылығын көтеру;
  • ғылыми зерттеулерге гранттық қаржыландыру байқауларына қатысу мүмкіндігі болу.

 

Ассоциация мүшелерінің міндеттері:

  • студенттердің іс-тәжірибеден өтуіне ықпал жасау;
  • студенттік құрылыс отрядтарын құруға ықпал жасау;
  • Ассоциация мүшелеріне – бітіруші түлектерге жұмысқа орналасуына

көмек көрсету;

  • демеушілік көмек көрсету жолдары мен демеушілік жасау тәсілдерді

іздестіру;

  • Ассоциация жиналыстарына және кеңестің жұмыстарына қатысу.

4.Басқару органдары мен ұйымдастыру құрылымы

Ассоциацияның ұйымдастырушылық құрылымы төмендегі қағидаларды негізге алады: жетекші органдарды таңдау, Ассоциация мүшелеріне есеп беру, шешім қабылдаудағы ұйымшылдық.

  • Ассоциацияның ең жоғарғы органы болып Ассоциацияның барлық

мүшелерінің жиналысы.

  • Жалпы жиналыс қажеттілігіне орай ұйымдастырылады, бірақ бір жылда

бір реттен кем емес.

  • Жалпы жиналыстың құзырлылығына:
  • Ережені өзгерту және қабылдау;
  • қызметтердің негізгі бағыттарын анықтау;
  • Ассоциация кеңесін сайлау;
  • Ассоциация қызметін тоқтату;
  • Ассоциация кеңесі басқару органы болып табылады.
  • Ассоциация кеңесі Ассоциацияның жалпы жиналысында ашық дауыс беру

тәсілімен сайланады.

  • Ассоциация кеңесіне кіретіндер:
  • ректорат өкілдері;
  • әр жоғары мектептен бір өкіл (құрылым бөлімше);
  • институттың ардагерлер кеңесінен бір өкіл;
  • кәсіби жетістіктерінің шыңына жеткен Ассоциация мүшелері;
  • Ассоциация Президенті жоғары оқу орнының ректоры болып табылады,

сонымен қатар ол Ассоциация кеңесінде басқарушылық етеді;

  • Ассоциация кеңесінің жұмысын жақсарту мақсатында кеңес мәжілісінде

төраға үш жылға сайланады

Ассоциация құрамына кіру тәртібі

 

Ассоциация Жарғысына сәйкес Ассоциацияқа жеке азаматтар, ұжымдар, Қазақстанда және шетелдерде  тұрып жатқан ОҚМПИ түлектері мен институт қызметкерлері мүше бола алады.

Ассоциация құрамына кіру үшін Ассоциация басқармасы атына өзін қабылдау туралы өтініш жіберу керек.

Ассоциация құрамына кіру үшін ұжымдар Ассоциация басқармасына кәсіпорын (мекеме, ұйым) басшысы атынан қабылдау туралы өтінішін жіберу керек.

-         Ұжым басшылары өтініштерін Ассоциация басқармасына  жазбаша түрде пошта немесе  факспен жібере алады.

-         Жеке азаматтар жазбаша түрде пошта, факс арқылы  немесе  ОҚМПИ сайтында www.okmpi.kz  тіркеліп, өтініштерін жібере алады.

-         Ассоциация мүшелеріне Ассоциация қызметі туралы және институтта өткізілетін  іс-шаралар туралы ақпарат жіберіледі, осылайша шараларға қатысуға мүмкіндік болады.

-         Ассоциация мүшелері Ассоциация басқармасы жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын жіберіп, сондай-ақ материалдык көмек көрсетіп, қаржылай қолдауларына болады.

 

   ОҚМПИ Түлектер қауымдастығы

  кеңесінің төрағасы

_____________________________________________

    (Аты-жөні, тегі)

ӨТІНІШ

Мені «ОҚМПИ» Түлектері Қауымдастығы» ҚБ мүшелігіне қабылдауыңызды сұраймын

Өзім туралы мәлімет:

Бітірген жылым________________________________________________________________

Факультет____________________________________________________________________

Мамандығы___________________________________________________________________

Жұмыс істейтін жерім және қызметім_____________________________________________

Белсенді байланыс үшін (мекен-жай, телефон (үй, ұялы, e-mail):______________________

Өзім жайлы қосымша хабарлаймын (қалауы бойынша):_______________________________________________________________

 

Күні:                                                                                              Қолы: 

 

Қауымдастық құрамына кіру өтініштерін мына мекенжай бойынша жіберіңіз:

000012

Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі 13

 Түлектер қауымдастығы.

 Ескерту: Мүмкін болса, фамилия өзгерсе, бұрынғы фамилияны да көрсетсеңіз

Байланыс мекен-жайы:

000012, Шымкент  қаласы,

А.Байтұрсынов көш №13, ОҚМПУ

 Түлектер қауымдастығы

Тел.: 8 (725) 2-21-29-21

Факс :8 (725) 2- 21-40-06

Моб.тел: 8-747-190-09-19

E-mail: tulek-okmpy@mail.ru

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университет түлектер Қауымдастығы  ҰЛТТЫҚ МҰРА атты мұражайға  «МҰРАЖАЙҒА СЫЙ» акциясы басталғандығын хабарлайды.

Акцияның басты мақсаты – жинау, зерттеу, экспозициялау, студенттердің азаматтық және патриоттық тәрбиесіне ықпал ету, институттың  тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу.

 

«МҰРАЖАЙҒА СЫЙ» акциясы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университет  80 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университет мұражайы - жоғары оқу орнының қалыптасу тарихында өткен мен болашақ арасындағы байланыс бөлігі.

Акция қатысушылары оқу ордамыздың тарихи оқиғаларына қатысты естелік заттар және атақты тұлғаларға тиесілі болған бағалы экспонаттарды, фотоматериалдарды мұражайға сыйға тарту етеді. Барлық жәдігерлер заң талаптарына сәйкес сақтауға алынады және мұражай қорына берілетін болады.

80 жылдыққа конаққа келген Университет түлектері!

ИНСТИТУТ ТҮЛЕКТЕРІ  МАРАПАТТАЛУДА

Түлектер

МАҚАШОВ ЖҰМАҒАЛИ (1938-1994)

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 Мақашов Жұмағали Мақашұлы 1938 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген. 1957 жылы  Қамбаш ауылында  №6 орта мектепті бітірген соң, 1960 жылға дейін отан алдындағы әскери борышын өтеген.

  1961-1965 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында тарих мамандығы бойынша оқып, білім алды.

ЖҰМАШЕВ ОРАЗБЕК (1936-1999)

филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Жұмашев Оразбек Жұмашұлы 1936 жылы Төлеби ауданы, Сайрамсу ауылында дүниеге келеді. 1944 жылы Көксәйек бастауыш мектебінің бірінші класына барып, 1954 жылы Георгиевка орта мектебін бітірген соң, Қазақстан жеті жылдық мектебінде бір жыл бастауыш класс мұғалімі болып жұмыс істейді.

КАМАРДИНОВ ОРАЛХАН (1929-2006)

физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор

Камардинов Оралхан Камардинұлы 1929 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 1945 жылы Шымкент мұғалімдер институтын, 1950 жылы Қызылорда педагогикалық институтын математика мамандығы бойынша бітірген.

ҚҰЛЫМБЕТОВ ЕЛЕУСІЗ (1924-2012)

филология ғылымдарының кандидаты, доцент                                             

Құлымбетов Елеусіз Құлымбетұлы  1924 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Қанай ауылында дүниеге келген.

САДУАҚАСОВА ЗЕЙНЕП (1922-1990)

Садуақасова Зейнеп Садуақасқызы 1922 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында туылған. 

1930-1941 жылдары Шымкенттегі орта мектепте оқып. 1941 жылдан 1945 жылға дейін Шымкент облысы, Шымкент аудандық Еңбекші депутаттары  кеңесінің төрайымы және жалпы бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Беттер