САДЫҚҰЛОВА СӘУЛЕ

САДЫҚҰЛОВА СӘУЛЕ

тарих ғылымдарының кандидаты

Садықұлова Сәуле Сейдеханқызы Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданына қарасты Тельман бөлімшесінде 1958 жылы дүниеге келді. 1975 жылы сол елді мекендегі Ленин атындағы №29 орта мектепті бітірді. 1975 жылы Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1980 жылы тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты.

1984-1987 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды. 1990 жылы Қазақ Ұлттық ғылым академиясында диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болды. 1987-1996 жылдары әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент болып қызмет атқарды.

С.С. Садықұлова – бірнеше оқу және электронды оқу құралдарының авторы. Ол 1995 жылдан бүгінгі күнге дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті қызметін атқаруда.