Бердалиева Ақмарал Макұлқызы

Бердалиева Ақмарал Макұлқызы,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Бердалиева Ақмарал Мақұлқызы 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Алмалы ауылында туылған. 1985 жылы №11 Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1986-1991 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Химия және биология» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқыды. Студенттік жылдары факультет комсомол ұйымында қоғамдық жұмыстар атқарды.

1992-2008 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде  «Биология» кафедрасында аға оқытушы қызметінде жүріп, факультеттің әйелдер кеңесінің қоғамдық жұмыстарына белсене араласты.

2007 жылы Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор  Н.Н.Әлібаевтың жетекшілігімен «Алтын реңді сұр қаракөл қозыларын тұқымға іріктеу әдістері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

2008-2010 жылдар аралығында Академиялық инновациялық университетте аға оқытушы болып қызмет атқарды.

2011-2015 жылдары  Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 40 ғылыми мақаласы, 30 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі»  кафедрасында еңбек етеді.