ОРАЗБАЕВА ЭЛЬМИРА

ОРАЗБАЕВА ЭЛЬМИРА

филология ғылымдарының кандидаты

Оразбаева Эльмира Бейсенбайқызы 1971 жылы Төлеби ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті  Шымкент бөлімінің филология факультетін үздік бітірген.

Э.Б.Оразбаеваның авторлығымен мемлекеттік тілді меңгерту жолдарына арналған   «Мемлекеттiк тiлдi менгертуде  жүргiзiлетiн бақылау жұмыстары» (2002ж), «Мемлекеттiк тiлдi меңгертуде жүргiзiлетiн лексикалық минимум» (Д.Молдалиевамен бірге, 2003ж), «Мемлекеттiк тiлдi меңгертуге арналған тест тапсырмалары»  (2005 ж), «Мемлекеттік тілді үйретуде жүргізілетін тестер» (2006ж), «7-сыныптың қазақ тілі сабақтарында тіл ұстарту» (А.Жапбаров, Г.Мұратбековамен бірге), «Қазақ тілінен тест тапсырмалары» (Б.Ысқақ, Г.Мұратбековамен бірге), «Қазақ тілі» (Б.Ысқақпен бірге) атты оқу-әдістемелік құралдар және «Мәтiнге байланысты жүргiзiлетiн жұмыс түрлерi», «Мемлекеттiк тiлдi меңгертуде саясаттану терминдерiмен жүргiзiлетiн жұмыстар», «lс қағаздарына байланысты тiл дамыту жұмыстары», «Студенттердi кәсiби бағытта оқыту» т.б. мақалалар жариялаған.

2010 ж. ҚР БжҒМ Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында   ф.ғ.д., профессор Е.Ә.Керімбаевтың жетекшілігімен   «Ә.Кекілбаевтың тарихи романдарындағы жалқы есімдердің этномәдени, лингвостилистикалық, лингвоконцептологиялық ерекшеліктері» деген тақырыпта 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

2011-2012 оқу жылынан Э.Оразбаева Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі және қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып істейді және «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Іскерлік қазақ тілі», «Қазақ тілінің стилистикасы», «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау», «Ономастика мәселелері»  пәндерінен дәріс береді.