ДАЙЫРБЕКОВ СЕРІК

ДАЙЫРБЕКОВ СЕРІК

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Дайырбеков Серік Сансызбайұлы  1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, ХХI партсъезд атындағы кеңшардың Қайтпас-2 бөлімшесінде дүниеге келген. 1985 жылы Тельман бөлімшесіндегі №29 орта мектеп-интернатты бітірді.

Еңбек жолын 1985 жылы Қайтпас-2 аулындағы сиыр фермасында слесарь қызметінен бастады. 1986-1993 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында оқып, оны математика, есептеуіш техника және информатика негіздері пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. 1987-1989 жылдар аралығында Россияның Брянск облысында әскери борышын өтеді. 1993-2008 жылдары ЖОО-дағы қызметіне қосымша Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында математика, информатика пәндерінен дәріс берді.

Жоғары оқу орнындағы қызметін 1993 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының алгебра, информатика және есептеуіш техникасы кафедрасында инженер-программист қызметінен бастады.

2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде доцент А.Әмірбекұлының жетекшілігімен Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика) мамандығынан «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектеп оқушыларының математиканы оқу белсенділігін компьютер арқылы дамыту» тақырыбы бойынша кандидаттық  диссертация қорғады.

2009 жылы ҚР БжҒМ ЖАК шешімімен 13.00.00-Педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы бекітілді.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Сенатының 2011 жылғы 29 сәуірдегі шешімімен (№6 хаттама) С.С. Дайырбековке Университет профессоры академиялық атағы берілді.

С.С. Дайырбековтың 38 ғылыми – әдiстемелiк еңбегi жарияланған. Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін 24 ғылыми мақаласы, 2 тезисі, 2 оқу құралы мен 4 оқу-әдістемелік құралы баспадан шыққан және 1 электрондық оқулығы зияткерлік меншік құқығына ие болған.

1993-2011 жылдары ХҚТУ Шымкент институтында оқытушы, аға оқытушы, сырттай оқу факультеті деканының орынбасары, оқу бөлімінің бастығы болып қызмет істеді. 2008-2011 жылдары ХҚТУ-мен бір мезгілде Академиялық инновациялық университетте де оқу бөлімінің бастығы қызметін абыроймен атқарды.

  2011 жылдың шілде айынан бері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында оқу бөлімінің бастығы қызметін атқаруда.