Молдахметова Жанар Ескендірқызы

Молдахметова Жанар Ескендірқызы.Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Молдахметова Жанар Ескендірқызы 1969 жылдың 11 тамызында Шымкент қаласында дүниеге келген.1986 жылы М.Мәметова атындағы №35 орта мектепті бітіріп, Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектепте пионер вожатый болып еңбек еткен.

1992 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын бітірді.

1994-1997 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аспиранты болды.

 1999  жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент Институтына  оқытушы қызметіне қабылданды.

2001 жылы «Динамика межэтнических процессов 20-30-х годов ХХ века в Казахстане» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.

2004-2006 жылдар аралығында Қазақстан тарихы кафедрасының  меңгерушісі; 2006 жылдан бастап кафедра доценті қызметін  атқарды. 2008 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан тарихы кафедрасында доцент қызметін атқаруда.