Зұлпыхаров Қанат Базарбайұлы

Зұлпыхаров Қанат Базарбайұлы

Зұлпыхаров Қанат Базарбайұлы 2010 жылы  Халықаралық қазақ-түрік университетінің «050116» - География мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.

2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің  «6М060900» - География мамандығына магистратураға түсіп, Жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Қ.Б. Зұлпыхаров білімі жоғары, ағылшын тілін жетік меңгерген. 2011 жылы шілде айында Sunway Университетінде (Куала-Лумпур, Малайзия) жазғы курста болған.

2011 жылдың 1 қарашасынан 2012 жылдың 28 қаңтарына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің магистранттардың академиялық мобилділігін жоғарылатуға бағытталған бағдарламасы бойынша Зальцбург Университетінде          (Зальцбург, Австрия) оқыған.

2012 жылы «Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының нарықтық экономика жағдайында дамуының экономикалық – географиялық мәселелері» атты магистрлік диссертациясы «өте жақсы» бағаланып, магистратураны үздік бітіріп шықты. Зұлпыхаров Қ.Б. барлық кәсіби пәндер бойынша жоғары білім мен тәжірибелік дайындық деңгейін және сонымен қатар, ғылыми зерттеу жұмыстарын зор ынтамен орындауға қабілеті мен бейімділігін көрсетті.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің  география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасына 2012 жылдың 1-қыркүйегінен  ассистент, 2013-2014  оқытушы қызметін атқарды. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің  География және табиғатты пайдалану факультеті  «6D060900» - География мамандығы 1 курс докторанты.