ТӘЖІТАЕВА РАЯ

ТӘЖІТАЕВА РАЯ

саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент

Тәжітаева Рая Сейілқызы 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақарыс ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Ақарыс ауылындағы Қызыл Октябрь орта мектебіне оқуға  барып, оны 1980 жылы бітірді.

1980-1985 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетінде оқып, білім алды.

1986-1991 жылдары Төлеби ауданы, Ақжар ауылындағы орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарды. 1993 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының педагогика кафедрасына оқытушылық қызметке қабылданды. 1996 жылы саясаттану кафедрасына аға оқытушы болып ауысты. Р.Тәжітаева  2003-2011 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтында, Академиялық инновациялық университетте саясаттану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2001 жылы «Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтарының қалыптасу процесі (этникалық аспектілер)» деген тақырыпта «23.00.02. – саяси институттар, этносаясат, конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.                           

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының география  және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті қызметін атқаруда.