Математика

« МАТЕМАТИКА»  КАФЕДРАСЫ

 

            «Математика» кафедрасының негізі 1938 жылы қаланған. 1938-1945 жылдары мұғалімдер институтында жалғыз ғана «Физика және математика» кафедрасы жұмыс істейтін еді, оның меңгерушісі Берн (Швейцария) университетін бітірген Шейнессон С.Г. болды. 1945-1954 жылдары бұл кафедра екіге бөлініп, математика (меңгерушісі Шейнессон С.Г.) және физика кафедралары құрылды  (меңгерушілері Горячко Г.В., Юделевич И.Г. кейіннен 1957-1971 жылға дейін Арипов Абдулла Әлімбайұлы).

Мұғалімдер институты педагогикалық институт болып қайта құрылғаннан кейін «Математика»  кафедрасы   1956 жылы екіге бөлінді: «Элементар математика» кафедрасы (меңгерушісі Бектаев Қ.Б. 1956-1971) және «Жоғары математика» кафедрасы (бұл кафедраның меңгерушілері қызметін доцент Цой А.Г. (1957-1958), (1960-1969), Цой И.П. (1958-1960), Абенова М.А. (1969-1974), Мамаев Л.И. (1974-1986) және Қырғызбаев Ж.Қ.(1986-1997) атқарды).

“Геометрия және математиканы оқыту әдістемесі” кафедрасы 1970 жылы ашылып оның меңгерушісі қызметін әр жылдары доцент Мостовой А.И. (1970-1977), доцент Абенова М. (1977-1989), доцент Ильясов Ш.М. (1989-1995), доцент Қ.Абдрахманов (1995-1997) атқарды. 1997 жылы бұл кафедралар «Жоғары математика» кафедрасына біріктіріліп, оның меңгерушісі қызметін доцент Қ.Абдрахманов (1997-2004), доцент Н.Иманбаев (2004-2007), доцент Абдрахманов Қ. (2007-2011) атқарды.

2011ж. шілдеде бұрынғы Шымкент педагогикалық институты қайта құрылып, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» ашылғаннан кейін 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап жоғары математика, физика және кәсіптік оқыту кафедралары біріктіріліп, «Математика, физика және кәсіптік оқыту» кафедрасы болып ашылды. Оның меңгерушісі болып ф-м.ғ.к., доцент Қ.Абдрахманов тағайындалды. Кафедрада 27 оқытушы-профессорлар жұмыс істеді, олардың 4-і ғылым докторлары, 17-і ғылым кандидаттары.

2012ж. «Кәсіптік оқыту» мамандығының бөлінуіне байланысты «Математика, физика және кәсіптік оқыту» кафедрасы  «Физика-математика» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі болып ф-м.ғ.к. Д. Бердалиев, 2016 жылдан бастап п.ғ.д. Р.И.Кадирбаева  тағайындалды. «Физика-математика кафедрасында»  5В011000-Физика, 5В010900-Математика, 5В012600-Физика-математика, 5В012800-Физика-информатика мамандақтарының және осы мамандықтардан магистратура мен докторантура ашылуына байланысты 2018-2019 оқу жылынан бастап кафедра «Физика» және «Математика» болып екіге бөлінді.

Бүгінде «Математика» кафедрасының меңгерушісі - п.ғ.д., доцент Р.И. Кадирбаева. Кафедрада 15,5 штат бірлігінде 15 оқытушы-профессорлар жұмыс атқарады. Оның  ішінде ғылым докторы - 4, ғылым кандидаты  - 9 (1 профессор, 6 доцент, 2 аға оқытушы), магистр оқытушы - 2. Кафедраның  ғылыми дәрежелілігі   86,6 % құрайды.  

   Кафедрада Республикаға танымал профессорлар п.ғ.д. Д.Рахымбек, ф.-м.ғ.д. М.Ж.Жұмабаев, ф.-м.ғ.к. Н.С. Иманбаев қызмет жасауда. Профессор Д.Рахымбек Мектепте математиканы оқыту әдістемесі және мұғалімдерді кәсіптік дайындау мәселесі бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Профессордың осы бағытта 200-ге жуық ғылыми мақалалары және 50-ге жуық оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. Математиканы оқыту әдістемесінен жазған еңбектерінің мектеп мұғалімдерінің және студенттердің әдістемелік дайындығына қосқан үлесі зор. Д. Рахымбек «Жоғары орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының   2 рет иегері атанды (2004, 2007). 

Профессор Н. Иманбаевтың 0-ден жоғары  импакт-факторлы журналдарда (Thomson Reutors, Scopus, Shpringer) 10-нан сатам мақаласы   жарық көріп,  Web of Science, Thomson Reuters ақпараттық деректер қорындағы Хирш индексі h=3-ке, Scopus ақпараттық деректер қорындағы Хирш индексі h=4-ке көтерілді. 2018-2019 оқу жылындағы университет профессор-оқытушылар құрамының арасындағы рейтингте 1908 балл жинап, I-ші көш басшы орынға ие болды және 1 монографиясы Германияда басылып шығарылды.  ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым Комитетінің 2015-2017 ж.ж. аралығында Математика және математикалық модельдеу институтынан жеңіп алған "Неусиленно регулярные спектральные задачи: Описание классов краевых условий и устойчивость свойства базисности корневых векторов" тақырыбындағы 0825/ГФ4 нөмірлі ғылыми жобаның жетекшісі болды. 2018 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізген ұлттық рейтингтің жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамының (ТОП-50) бас рейтингісіне енгізілді және  «Жоғары орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының   иегері болды.

Кафедра меңгерушісі Р.И.Кадирбаева ҚР БжҒМ-нің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында «Болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін ақпараттық-коммуникациялық пәндік орталарды әзірлеу арқылы қалыптастыру» тақырыбында 14 768 955,98  тенге көлемінде грант ұтып алды.

Доцент Ш. Алтынбеков Ресей жаратылыстану Академиясында бірнеше марапатқа ие болды:  Для соискание почетного звания «Заслуженный работник науки и образования» в Президиум РАЕ представлена справка о научно-педагогической деятельности и решением Президиума Российской Академии Естествознания (от 27 апреля 2016 года); Диплом профессора естествознания.(Россия 9 июня 2016г); Степень доктор наук решением Президиума Российской Академии Естествознания  2016; «Primus Inter Pares» - Первый Среди Равных орденімен марапатталды (28.09.2016)

 

Студенттерге математикадан білім беруде айтулы еңбек сіңірген және сол бағытта басшылық жасаған ұстаз-ғалымдар

Бектаев Қ.Б.

Мостовой А.И.

Мамаев Л.И.

Абенова М.А.

Қырғызбаев Ж.Қ.

Абдрахманов Қ.

“Жоғары математика” кафедрасының ұжымы     2000 жылдары

 

 

Доцент С.Е.Тілеуқабылов студенттерге кеңес беруде.                        Доцент Ұ.Б. Байтасовтың әрбір лекциясы қызықты өтеді.              

“Физика –математика” кафедрасы  2012 ж.

Министр А.Саринжипов кафедра лабораториясын аралау үстінде (2017 ж.)

Вице-министр Т.Балықбаев кафедра лабораториясын аралау үстінде (2016 ж.)

Физика-математика кафедрасының ұжымы (2016 ж.)

Математика мамандығы студенттерімен ашық сабақ өткізу үстінде (2018ж)

Кафедраның оқытушылары мәжіліс үстінде (2018ж)