ЫСҚАҚ  БЕГМАН

ЫСҚАҚ  БЕГМАН

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Ысқақ Бегман 1940  жылы  Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби  ауданы,  Аққұм  ауылында    дүниеге  келген. 1957   жылы  Георгиевка   ауылындағы К. Ворошилов  атындағы  №1 орта  мектепті бітірді.

1965  жылы Шымкент  педагогикалық  институтын бітірді. Осы жылдан бастап облыс мектептерінде  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінен сабақ берді. Жемісті еңбегі  үшін 1975 жылы «Халық  ағарту  ісінің  үздігі» төсбелгісімен  марапатталып, 1977  жылы Оқу  министрлігінен әдіскер-мұғалім  деген  атақ алды.

1982  жылы РСФСР   оқу министрлігі   ұлттық  мектептер  ғылыми  зерттеу  институтының   Ғылыми  кеңесінде  «Қазақ  тілінен    сыныптан  тыс  жұмыстардың   методикасы» деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертациясын қорғап шықты. 1991   жылы  23   мамырында  КСРО   халық  ағарту комитетінің шешімімен  доценттік  ғылыми  атағы  берілді.  1998  жылы  Қ.А.Ясауи  атындағы   Халықаралық  қазақ-түрік  университеті   Сенатының  шешімімен   университет   профессоры  ғылыми  атағы  берілді.

1979  жылы Шымкент  педагогикалық   институтының   психология   кафедрасында   аға  оқытушы,  1994  жылы ХҚТУ ШИ педагогика  және   филология   пәндерін  оқыту  әдістемесі  кафедрасының  меңгерушісі, 1996  жылдан  2005   жылға  дейін  түркітаным  кафедрасының    меңгерушісі, 2005-2011 жылдарда    түркітаным,  қазақ тілі  кафедрасының   профессоры  қызметін атқарып  келді. 2011 жылдан ОҚМПИ қазақ тілі және әдебиет кафедрасының доценті қызметінде және «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәндерінен дәріс береді.

Бегман Ысқақ  бірнеше  ғылыми-әдістемелік   еңбектердің  авторы. Жүзге  тарта  ғылыми    мақалалар  жариялады. «Тіл дамытудың   ғылыми негіздері»  (1997),  «Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар»  (2000), «Бастауыш сыныптарда  шығарма жаздыру» (2005), «Мазмұндама жаздыру әдістемесі»  (2005), «Диктанттар жинағы 3-4 сыныптар» (2005),  «Бастауыш    мектепте  кластан  тыс жұмыстар»  (2006), «Қазақ  тілі» ( 2006),  «Төте жазу әліппесі» (1999), «Мақал-мәтелдер» (2007), «Қазақтың  қанатты сөздері» (2007), «Жұмбақтар» (2007), «Жаңылтпаштар» (2007), «Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша курстық жұмысқа нұсқау» (2005), «Мұғалімнің кәсіби біліктілігін өзіндік бақылау» (2006), «Кестелі грамматика» (2009), «Жоғары мектеп лингводидактика негіздері» (2010) деген еңбектерін студенттер пайдалануда.

1982 жылы «Халық ағарту ісінің үздігі» атанды, 1989 жылы «Әдіскер мұғалім» атағы берілді. 2007 жылы «Менің Отаным – Қазақстан» атты республикалық шығармалар байқауының бас жүлдегері. 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» мемлекеттік  грантының иегері атанды.