ҚАЛДЫБАЕВ ӘБДІМӘЛІК

ҚАЛДЫБАЕВ ӘБДІМӘЛІК

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 Қалдыбаев Әбдімәлік Қалдыбайұлы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетін 1968 жылы бітірген. Мамандығы «Жалпы-техникалық пәндер және физика» пәнінің оқытушысы. Институтты бітірген соң орта мектепте математика және физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.

1971 жылы Шымкент педагогика институтына «Жалпытехникалық пәндер» кафедрасына оқытушы болып қабылданған. 1976 жылы аталған  кафедраның аға оқытушысы қызметіне ауыстырылған.

 1986 жылы Мәскеу педагогика ғылымдар Академиясында кандидаттық диссертация қорғаған. 1987-1993 жылдар аралығында факультет деканының орынбасары, 1994-1996 жылдары факультет деканы болып жұмыс атқарған.

1996 жылы Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық  қазақ-түрік университетінің Жетісай орталығында директордың оқу-ісі жөніндегі проректоры болып қызмет істеген.

2001-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік басқармасының қызметінде болды. 2008 жылы маусым айынан Шымкент университетінің ректоры қызметін атқарды.

 2008 жылы «Қазақстан Республика Білім беру  ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, осы жылы «Қазақстан Республикасы Ата Заңының 15 жылдығы» медалімен марапатталған.

Ә.Қалдыбаев ондаған ғылыми еңбектердің авторы,  оның ішінде шет елдерде басылған еңбектері де бар.