БОРАНБАЕВ ЖАРЫЛҚАСЫН

БОРАНБАЕВ ЖАРЫЛҚАСЫН

ақын

Боранбаев Жарылқасын 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қос Тұра-Ақбастау елді мекенінде дүниеге келген. Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқып бітірген. Ата жұрты Шу бойындағы Тасты, Шу елді мекендерінің аралығындағы Қарадөң дейтін жер.

«Көктем тынысы», «Жанартаулар», «Мәңгілік өмір», «Гүлдесте», «Жаздың жылы жаңбыры», «Мазасыз әлем» жыр жинақтарының, «Баба Түкті Шашты Әзіз», «Қарабура», «Ұлылардың ұлағаты» деп аталатын тарихи танымдық кітаптардың авторы.

Жырлары оқулықтарға, түрлі жинақтарға, кітаптарына енген. Халыққа кеңінен танымал «Қазақы дастарханым», «Аппағым», «Қоштасқым келмейді», «Созағым», «Әзіреті Қаратау», «Оралды ортамызға», «Сен екеуміз», «Туған жер» т.б. әндердің мәтінін жазған.

1996 жылы жазған публицистикалық мақалалары үшін «Ана тілінің саңлағы» атағы берілген. Бірнеше фестивальдің, жыр мүшәйрасының жеңімпазы. Орта мектеп оқушыларына арнап «Қамбар батыр» диафильмін, «Халық мұғалімі Айтқалиев» оқу фильмін жасаған.