Қонақбаев Сейдахмет Нартайұлы

                                                 Қонақбаев Сейдахмет Нартайұлы.Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

            Қонақбаев Сейдахмет Нартайұлы 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Коммунизм елді мекенінде дүниеге келген. Коммунизм елді мекеніндегі 7 жылдық мектепті, Шымкент каласындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектепті бітірген.      

1960-1965 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтының тарих-филология факультетінде білім алды.

1965-1966 жылдары Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте тарих және дене тәрбиесі пәндерінің оқытушысы;1966-1995 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтының КСРО тарихы кафедрасында доцент қызметін атқарады.

1975 жылы «Химия өнеркәсібіндегі жұмысшылардың ролі» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап шыққан.

«XVII ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Оңтүстік Қазақстан халқының өмірі» (1994ж.) және «Хронология  важнейших событии истории Казахстана с древнейших времен по современный период» атты   монографиялардың және 60-тан астам түрлі салада жазылған ғылыми еңбектердің авторы.

Бокстан және самбо күресінен КСРО спорт шебері, қазақша күрестен ҚР спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының 5 дүркін жеңімпазы (1963-1967ж.) болған.Оңтүстік Қазақстан облыстық бокс федерациясының вице- президенті, бокстан ҚР ұлттық жоғары дәрежедегі төрешісі. ҚР спортының «Құрметті қайраткер» орденінің иегері.

Бүгінгі таңда С.Қонақбаев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының профессоры, Қазақстан тарихы, саясаттану, әлеуметтану, экономикалық теория негіздері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етуде.