Іс-тәжірибе

Кәсіптік практика

5В011300-Биология мамандығының студенттері және 6В01505-білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер ботаника, зоология, цитология, педагогика, психология, критериалды бағалау технологиясы, биологияны оқыту әдістемесі, тағы басқа арнайы пәндер циклін аяқтағаннан кейін кәсіптік практика ұйымдастырылады.

Білім беру бағдарламасы мен оқу жұмыс жоспары негізінде кәсіптік практика бағдарламасы ұсынылып отыр. Оқу практикасы ББ ерекшелігіне, бейініне сәйкес өткізілетіндігі кафедра мәжілісінде қаралып, практика бағдарламасында көрсетіледі. Білім беру бағдарламасының ерекшеліктеріне байланысты келесі  практика түрлері жүргізіледі:

1.Оқу практикасы

2. Өндірістік  практика

3.Педагогикалық практика

4.Диплом алды практика

Кәсіптік практиканың мақсаты жалпы ғылыми, мәдениеттану, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімді бекіту және тереңдету, сонымен қатар теориялық білім негізінде педагогикалық іскерлікті, дағдылар мен құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады.

5В011300-Биология мамандығы бойынша кәсіптік практика бағдарламасы "Биология"кафедрасында әзірленіп, бекітілді. 6В01505-биология мұғалімін дайындау және кәсіптік практика бағдарламасы білім беру бағдарламасы негізінде дайындалды (университет Ғылыми кеңесінің хаттамасы № 1, 29.08.2019 жыл)

Білім беру бағдарламасының  мақсаты: Ұлттық  біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай    жалпымәдени және  кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабылетті маман даярлау.

 Білім беру бағдарламасының  міндеттері:

  1. білім алушылардың кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру;
  2. білім алушылардың тұлғааралық құндылықтар негізінде әлеуметтік жауапкершілігін және кәсіби этикалық нормаларды ұстануын қалыптастыру;
  3. білім алушылардың кәсіби шыңдалуға, өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру негізінде білім беру сапасының деңгейін ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына  сәйкестендіру;  
  4. білім алушылардың кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын  жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қалыптастыру;
  5. тіл үштұғырлығы, функционалдық сауаттылық және салауатты өмір сүру негізінде  қоғамды жаңартуда  белсенділік танытатын жоғары білімді маман даярлауды қамтамасыз ету

Білім беру бағдарламасының мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:

  1. қазақстандық патриотизм мен азаматтық  жауапкершілік;
  2. құрмет;
  3. ынтымақтастық;
  4. ашықтық.   

5В011300-Биология мамандығының және «6В01505 Биология мұғалімін даярлау» Білім беру бағдарламасы  бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқаратындықтан, жалпы білім беру (негізгі орта, жалпы орта) мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  кәсіптік практика базалары болып табылады. Сондай-ақ қаланың әлеуметтік парктері, университеттің оқу-дала учаскелерінде де практика түрлері жүргізіледі.

Өндірістік өсімдіктер мен жануарларды жүйелеу негіздерімен, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген бөліктері құрылысының морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерімен танысу мақсатында жүргізіледі. Бұл міндетті шешу үшін Шымкент Дендробағында, Зообағында және т. б. өндірістік практика ұйымдастырылады.     

"Биология" кафедрасы ОҚМПУ Ғылыми кеңесі бекіткен кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша келісім-шарттарға  сәйкес практика базаларымен тиісті келісім-шарттар жасалған.

«Биология» кафедрасы оқу және педагогикалық практикадан өтуге арналған келісім шартқа ие.

1) Назарбаев зияткерлік мектебі (Шымкент қ.)

2) З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп – лицейі (Шымкент қ.)

3) Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп – гимназия (Шымкент қ.)

4) Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп – гимназия (Шымкент қ.)

5) С.Ерубаев атындағы №24жалпы орта мектеп (Шымкент қ.)

6) Ө.Жолдасбеков атындағы №7 мектеп – лицейі (Шымкент қ.)

7)А.Асқаров атындағы №77 мектеп – лицейі (Шымкент қ.)

8) Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп – лицейі (Шымкент қ.)

9) Н.Оңдасынов атындағы № 38 гуманитарлық мектеп-гимназия (Шымкент қ.)

10) К.Қасымұлы атындағы № 33 жалпы орта мектеп(Шымкент қ.)

11)№ 46 мектеп-лицей(Шымкент қ.)

12)№ 39 жалпы орта мектеп(Шымкент қ.)

Кәсіптік практика қорытындысы бойынша білім алушылар тиісті кафедраға есеп береді, оны практика жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. 

Оқу практикасы 1-курста алғаш рет 2 апта бойы ұйымдастырылады.

 Оқу  практикасының мақсаты – болашақ кәсіптің объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу. Сонымен қатар болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерделеу, іскерлік хат алмасуды зерделеу және іс қағаздарын жүргізу, еңбек ұжымында жұмыс жасау дағдыларын игеру болып табылады.                            

2 курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикасы білім алушыларда тұрақты қызығушылықты және педагог мамандығына деген көзқарасты тәрбиелеуге, білім алушылар ұжымының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу рәсімдерімен практикалық танысуға, сабаққа (тәрбиелік іс-шараларға) психологиялық-педагогикалық талдау жасайды.

2 курста жоспарланған өндірістік практика  ботаникадан және зоологиядан  практика деп аталады. Оқу жұмыс жоспарына сәйкес өндірістік практикасы күндізгі бөлімде 2 курста жүргізіледі, себебі ботаника, зоология пәндерінен теориялық алған білімдерін практикада жетілдіру болып табылады. Ботаника, зоология пәндерін оқыту студенттердің орта мектептердегі жалпы ілгері пәндерінен: табиғат тану, зоология, химия,  математика, экология, географиядан алған білімдері негізінде жүргізеді.

3 курс бойынша педагогикалық практиканың мақсаты білім беру жүйесінде оқытудың оқу-тәрбие процесін жобалау мен жүзеге асыруға байланысты кәсіби педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру, студенттердің әлеуметтік және кәсіптік бейімделуіне жағдай жасау, олардың педагогикалық кәсіптің нормалары мен құндылықтарын игеру, студенттердің практикалық педагогикалық іс-әрекет тәжірибесін алуы, олардың жеке басының кәсіби бағытын қалыптастыру болып табылады.

4 курс бойынша педагогикалық практиканың мақсаты нақты қызмет жағдайында кәсіби позицияны апробациялау болып табылады: оқу-тәрбие процесі мен білім беру ортасын жобалау, іске асыру және бағалау саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.

Диплом алды практика мақсаты – дипломдық жұмысты (жобаны) жазуды аяқтау.   Білім алушылардың алған құзырлығын нығайту, тереңдету және   және кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін практикалік әрекеттермен  практика жүзінде шыңдау. Оларды таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша өз бетінше кәсіби қызмет атқаруға және бәсекеге қабілетті маман дайындау, студенттердің кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін практикалік әрекеттермен бекіту болып табылады.

Диплом алды практикаға басшылықты дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі жүзеге асырады. Диплом алды практиканың мазмұны дипломдық жұмыстың немесе есептің тақырыбымен айқындалады.

Диплом алды практиканың қорытындылары Биология кафедрасының мәжілістерінде дипломдық жұмысты алдын ала қорғауда шығарылады.   

113-23 тобының студенттері Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент «Жас ұлан» республикалық мектебінде педагогикалық практикада.