Кәсіптік практика
Кәсіптік практика білім алушының оқу жұмысының міндетті компоненті болып табылады.
ОП ерекшелігіне сәйкес практиканың келесі түрлері ұйымдастырылады:
- оқу;
- педагогикалық;
- өндірістік;
- диплом алды.
Оқу практикасының мақсаты - оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету, зерттеу қызметінің негіздерін қалыптастыру, іс қағаздарын жүргізу және іскерлік хат-хабарлармен жұмыс істеу, практикалық іскерліктер мен жұмыс дағдыларын меңгеру.
Оқу практикасы барлық білім алушылар үшін ұйымдастырылады, ББ ерекшелігіне, бағытына сәйкес жүргізіледі, кафедра отырысында қаралады және практика бағдарламасында көрсетіледі.
Педагогикалық практиканың мақсаты - жалпы ғылыми, мәдениеттанушылық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндерден білімді бекіту және тереңдету, сондай-ақ теориялық білім негізінде педагогикалық шеберлікті, дағды мен құзыреттілікті қалыптастыру.
Өндірістік тәжірибе дайындық бейініне сәйкес келетін мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда жүргізіледі.
Диплом алдындағы практика дипломдық жұмысты орындайтын барлық мамандықтағы білім алушылар үшін бітіруші курста жүргізіледі. Диплом алдындағы практикаға басшылық етуді диплом жұмысының ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.