Іс-Тәжірибе

Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының мiндеттi компоненті болып табылады. 6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау бағытында жоспарланған кәсіптік практиканың негізгі түрлері: оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды.

Оқу практикасының негізгі міндеттері:

- жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттарымен танысу;

- мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу;

- болашақ мамандықтың объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу;

- болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерттеу;

- іскерлік хат алмасуды зерттеу және іс қағаздарын жүргізу;

- еңбек ұжымында қызметті жасау дағдыларын игеру болып табылады.

 Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:

- мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;

- теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіптік машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;

- инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді меңгеру;

- ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;

- топтық жұмыстың, басқарудың қағидаларын, дағдыларын игеру;

- өз бетінше өз қызметін жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстарды орнату, рольдік кәсіптік ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады.

          Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:

- педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін игеру;

- сабақ беру мен оқыту әдістемесін меңгеру;

- педагогикалық шеберліктің негіздерін білу;

- оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетінше жүргізудің машықтары мен дағдыларына баулау;

- ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру;

- тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру;

- оқытудың инновациялық технологияларды білу;

- оқу және тәрбие жұмысы барысында білім алушыларға олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып жеке тәсілді жүзеге асыру болып табылады. 

Дипломалды практика

Дипломалды практика оқу жоспарына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) немесе есепті орындайтын барлық мамандықтардың түлектері үшін бітіруші курста өткізіледі. Дипломдық жұмысты немесе есепті әзірлеу және жазу үшін білім беру бағдарламасында дипломалды практикасы көзделеді. Дипломалды практика базалары диплом жұмысының тақырыбына сәйкес анықталады және оны дипломдық жұмыс жетекшісі жүзеге асырады.

 

Диплом алды практиканың негізгі міндеттері:

- дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жинақтау, өңдеу және жалпылау;

- дипломдық зерттеудің тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтері мен практикалық материалдарды талдау;

- дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе есептің тақырыбы бойынша қорытындыны, заңдылықтарды, кепілдемелер мен ұсыныстарды тұжырымдау;

- дипломдық жұмысты немесе есепті білгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу болып табылады.

 

     

Археологиялық практика