Іс-Тәжірибе

5В011200 - Химия мамандығы үшін іс-тәжірибе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа берген жолдауында: «ХХI ғасырда білім алу жоғарғы қор жинағы болғандықтан елдің даму деңгейін бағалау оның стратегиялық ресурстық мәні мен бәсекелестікке түсу қабілетін анықтайды» деп көрсетілген.

Ал, мемлекеттің болашағы, жан - жақты өркендеуі келешек жас мұғалімдердің қолында. Қазіргі кезеңде мектептер танымдық, шығармашылық ізденістегі, белсенді және алдын ала мақсат қоя алатын, мамандығы бойынша бәсекелестікке қабілетті мұгалімді талап етеді.

Педагогикалық іс-тәжірибе мамандықтар үшін оқу жоспары мен тәжірибе жоспарына сай жүргізіледі. Педагогикалық іс-тәжірибе кезеңі оқу үрдісіндегі кестемен анықталады. Химия мамандығы 1 курсының 1 апталық оқу тәжірибесі негізгі оқу үрдісі аяқталғаннан соң жүргізіледі. 3-4 курстардың педагогикалық тәжірибесі негізгі оқу үрдісінен қол үзіп, білім беру мекемелерінде оқу орнымен келісім шарт арқылы жүргізіледі.

Студенттердің  кәсіби іс-тәжірибесі жоғары оқу орнындағы оқу үрдісінде алған білімдерін бекітуге, іс-тәжірибелік дағдыларын игеруге және нәтижелі тәжірибе меңгеруге бағытталған.

Химия кафедрасының 5В011200 - Химия мамандықтарының 2015-2016 оқу жылының оқу жоспарына және оқу үрдісінің кестесіне сәйкес 2 курс жеделдетілген 02.11.2015 - 12.12.2015ж. 6 аптаға С112-14ж тобы және 5 курс сырттай оқу бөлімі 23.11.2015 - 05.12.2015ж. 2 аптаға С112-11 тобы студенттері №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында келісім шарт негізінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп келді. Оқу іс тәжірибесіне барған жалпы студенттер саны – 7. Оның С112-14ж тобынан - 3 студент, С112-11 тобынан - 4 студент. 

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп

1

Биназарова Мөлдір Маккамқызы                         

С112-11   

2

Келдібекова Жанерке Келдібекқызы                    

С112-11

3

Патшабай Жансая Қалманқызы                           

С112-11

4

Сапахов Рустем                                                   

С112-11

5

КамбароваЖадыраАбусеитовна   

С112-14ж

6

Омар ӨскенІргебайұлы                                        

С112-14ж

7

ТурановПолатЕсалиевич   

С112-14ж

Іс-тәжірибе басталардың алдында ұйымдастыру конференциясы жүргізілді. Конференцияда тәжірибенің мақсаты мен есебі түсіндіріліп,тәжірибе жоспары, тәжірибе кезіндегі студенттің хұқы мен міндеті түсіндіріліп,әдіскер оқытушы мен жетекшілерді таныстырып, студенттерге тапсырмалар бөлініп берілді.

Іс-тәжірибе соңында қортындылау конференциясы өткізілді. Бұл конференцияда студенттердің есебі тыңдалып, баға қойылып, қортындыланды.

18.01.2016 ж. күні мамандықтың 3-4 курс студенттеріне белсенді іс-тәжірибеден өту мақсатында орнықтыру конференциясы ұйымдастырылды. Конференция уақытын факультет басшылығы («Химия» кафедрасының жауапты оқытушысы) деканаттың  келісіміне орай анықтап, студенттерді педагогикалық тәжірибенің мақсаты, міндеттері, студентердің міндеттері, педагогикалық этика, оқу практикасының мекемеде өтетіні және бекітілген жетекшілері туралы бұйрықпен таныстырды.

Оқу орны қала мектептері және аудан мектептері арасында келісім-шарттар жасалған.

Барлық педагогикалық іс-тәжірибеден өтетін Назарбаев зияткерлік мектебі, №2, №7, №4, №15 мектептерде студенттер мен әдіскерлер мектеп директорымен, оку-ісінің меңгерушісімен, мұғалімдермен кездесулер өткізілді. Мектеп басшылары мен мұғалімдері

барлық студенттерді мектеппен, оның ішкі тәртіп ережелерімен, дәстүрлерімен  алдағы өтетін практиканың жұмыс барысымен таныстырып бағыт-бағдар берді.

Мектептің оку-ісі меңгерушісімен бірге студенттерді сыныптарға бөліп, тапсырмалар берілді.