ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
1. Қолданылу саласы
1. Осы ереже білім беру қызметтерін тұтынушылардыңқанағаттанушылығын бағалау тәртібін анықтайды.
2. Осы ережені Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық
университеттің (ОҚМПУ) барлық бөлімдері қолдануына болады.
3. Осы ереже ОҚМПУ сапа менеджменті жүйесі құжаттамалары құрамына
4. Осы ереже авторлық құқығы бар нысан, деректер басқа мекемелерге ректордың рұқсатынсыз жіберілмейді.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы ереже келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданған:
ХС ИСО 9001-2015 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар.
СМЖ ОҚМПУ ПР 4.02-2018 Сапа менеджменті жүйесі. Процедура. Ұйымдастырушы құжаттамаларды басқару.
СМЖ ОҚМПУ ПР 8.02-2018 Сапа менеджменті жүйесі. Процедура. Түзету және ескерту әрекеттері.
3.Терминдер мен анықтамалар
Осы ережеде ХС ИСО 9000:2015, ХС ИСО 9001:2015 сәйкестіктегі терминдер мен анықтамалар қолданылады.
Сұрақ-жауап (сауалнама) – сұрақтар жүйесінің белгілі ережелерімен сәйкестікте құрастырылған сұрақтар көмегімен ақпарат алу тәсілі.
Таңдалым – зерттеу жүргізілетін адамдар тобы.
Тұтынушы – бұл өнім /қызметті пайдаланатын ұйым немесе тұлға.
Мониторинг — шешім қабылдау үрдісін жақсарту сондай-ақ жанама түрде қоғамды құлақтандыру немесе кері байланыс құралы ретінде қолданылуы мүмкін ақпараттарды жүйелі жинау және өңдеу.
4 Белгілер мен қысқартулар
Осы ережеде келесі қысқартулар қолданылады:
ХС – халықаралық стандарт;
СБӨ - сапа бойынша басшылық өкiлi;
МжМБ- менеджмент және мониторинг бөлімі;
CҚ- сапа қызметі;
ПР - процедура;
СМЖ - сапа менеджментi жүйесi;
ОПҚ - оқытушы-профессорлар құрамы.
5 Процестің сипаттамасы
5.1 Жалпы ережелер
5.1.1 Тұтынушылардың қанағаттанушылығын бағалау процестің іс-әрекет алгоритмі А қосымшасында берілген.
5.1.2 Ішкі тұтынушылар ОПҚ, университет қызметкерлері мен білім алушылар болып табылады.
Сыртқы тұтынушыларға ата-аналар мен қамқоршылар, мемлекет, кәсіпорын, ұйым, жеке тұлғалар жатады.
5.1.3 Тұтынушылардың қанағаттанушылық мониторингін жүргізу үшін:
- қанағаттандырылуы бағаланатын өнім немесе (қызмет), процесті анықтау;
- тұтынушылар санатын анықтау;
- өнімнің, процестің сәйкес көрсеткіштерін анықтау;
- осы көрсеткіштер негізінде сауалнама даярлау;
- зерттеу әдісін таңдау (мәселен, сауалнама түріндегі сұрастыру), сауалнама үлгісін бекіту, сауалнама жүргізетін тұлғаларды анықтау және т.б.;
-мәліметтерді өңдеу әдістемесін таңдау қажет.
Тұтынушылардың қанағаттанушылығы жөніндегі ақпарат іс-әрекеттің қандай бағытында және қалай қолданылатындығын анықтау.
5.1.4 Сұрақ-жауап (сауалнама) – белгілі ережелермен сәйкестікте құрастырылған сұрақтар жүйесі көмегімен ақпарат алу тәсілі.
5.1.5 Сұрақ-жауап түрлері (сауалнама):
респонденттер саны бойынша
- дербес сауалнама жүргізу (бір респондент);
- топтық сауалнама (бірнеше респондент);
- жаппай сауалнама (жүзден бастап мыңдаған респонденттерге дейін) қамту толықтығы бойынша;
- жалпы (таңдалымның барлық өкілдерінен сұрастыру);
- таңдамалы (таңдалым бөлігінен сұрастыру)
респондентпен қатынас типі бойынша;
- іштей (зерттеуші- сауалнама жүргізуші қатысуымен);
- сырттай (сауалнамашы болмайды).
5.1.6 Сауалнама құрастыруға қойылатын талаптар
Сауалнама парақтары қатаң құрылымға ие және бірнеше бөліктерден тұрады.
Бірінші бөлім — кіріспе. Ол респондентке тікелей қатысты болады. Онда зерттеу мақсаты мен міндеттері жөнінде қысқаша айтылады, оның мәні, нәтижелердің қалай пайдаланылатындығы баса көрсетіледі.
Осы жерде сауалнаманы толтыру ережесі келтіріледі, жауаптардың құпиялығына кепілдік беріледі.
Екінші бөлім – негізгі. Онда қажетті ақпараттарды алуға бағытталған сұрақтар болады. Сауалнама бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік беретіндіктен, олардың әрбірі өз сұрақ блогына сәйкес болуы керек. Бастапқы «нақты», қарапайым, тапқыр, қызығушылықты оятуға бағытталған сұрақтар қою, респонденттерді сауалнаманы белсенді толтыруға бейімдеу ұсынылады. Бұл нақты жағдайлар, дәйектер жөніндегі сұрақтар болуы мүмкін. Одан кейін уәжді, пікірді, бағалауды айқындауға арналған барынша күрделі сұрақтар келтіріледі.
Үшінші бөлімде сауалнама жүргізілетіндердің әлеуметтік– демографиялық сипттамалары: жынысы, отбасы жағдайы, білімі, әлеуметтік шығу тегі, кәсібі, оқу орны немесе жұмыс орны анықталады.
Қорытындыда респодентке сауалнаманы толтырғаны үшін алғыс білдіріледі (бірқатар жағдайда бұл кіріспе бөлімде жасалады).
5.1.7 ОҚМПУ-да өткізілетін сауалнама түрлері
Атауы |
Өткізілетін мерзімі |
Орындалуына жауапты |
|
Оқу жылында 1 рет |
МжМБ |
|
Оқу жылында 1 рет |
МжМБ |
|
Оқу жылында 2 рет |
МжМБ |
|
Оқу жылында 1 рет |
МжМБ |
|
Оқу жылында 1 рет |
МжМБ |
|
Оқу жылында 1 рет |
МжМБ |
|
Оқу жылында 1 рет |
МжМБ |
|
Оқу жылында 1 рет |
МжМБ |
5.2 Сауалнама шараларына қойылатын талаптар (сауалнама жүргізу):
- зерттеушілік міндеттерді нақты анықтау;
- тұжырымдардың респондент ұғымына сай қол жетімді болуы;
- сауалнама барысында әлеуметтік-психологиялық қатынас қағидаларының сақталуы;
- респонденттердің ерекшіліктері мен құзыреттілігін ескеру;
- респонденттердің жауаптарын белгілеу нақтылығы;
- сауалнама жүргізу жағдайларын стандарттау;
- университет бойынша тұтастай сенімді мәліметтерді жинау, ұсыну.
5.3 Сауалнама жүргізу мақсаттары (сауалнама жүргізу):
- студенттердің оқытушылар кәсібилігін берілген параметрлер бойынша субъективті бағалау ерекшеліктерін айқындау;
- студенттер мен жұмыс берушілердің білім беру қызметіне қоятын талаптарын анықтау;
- білім беру процесі сапасын бақылау;
- университеттің сыртқы және ішкі ортасының күшті және әлсіз жақтарын анықтау;
- білім беру сапасына, білім беру қызметтеріне, еңбек тіршілігіне және материалдық-техникалық жабдықталуға қанағаттанушылықты анықтау;
5.4 Ақпаратты жинау әдістері
Ақпаратты жинау әдістері —респонденттен мәлімет жинау құралы ретінде сұрақтардың арнайы рәсімделген тізімі – сауалнама пайдаланылатын психологиялық вербалды- коммуникативтік әдіс.
Ақпаратты жинау әдістері өзара байланысқан 5 кезеңнен тұрады:
- сауалнамалық сұрақтарды даярлау;
- бастапқы ақпаратты жинау, ары қарай өңделуі тиіс зерттеу барысында алынатын талдап қорытылмаған мәліметтер жатқызылады;
- жиналған ақпараттарды өңдеуге даярлау және оны өңдеу;
- өңделген ақпараттың сандық көрсеткіштерін шығару;
- тұжырымдары мен ұсыныстардан тұратын зерттеу нәтижелерінің есебін даярлау.
5.5 Сауалнаманы жүргізу кезеңіне қойылатын ұйымдастырушылық талаптар (сауалнама жүргізу)
5.5.1 Сауалнамаға даярлық
- Ұйымдастырушы жауапты қызметкерді даярлау және сауалнама жүргізу.
- Жауапты қызметкердің міндеті:
2.1.Сұрақ-жауапты тікелей жүргізгенге дейін (сауалнама жүргізу):
- сауалнама жүргізу әдістемесін, сонымен қатар сауалнама мәтінін өңдеу үшін техникалық тапсырманы даярлауы;
- сенімді және шынайы ақпарат алу үшін жеткілікті зерттеу тобын анықтау;
- сауалнамаға қатысушылар тізімін құрастыру;
- барлық респонденттерді сауалнама жүргізілетіні жөнінде ескерту;
- ұйымдастырушы – ұйғарымдық құжаттамаларды (бұйрық, сауалнама жүргізу жөніндегі нұсқаулық) электронды (қағаз) түрде тарату;
2.2. Сауалнама жүргізілетін күні:
а) жүргізу орнының даярлығын тексеру.
Егер де ЭЕМ қолданылатын болса: компьютерлік кабинетер мен арнайы орнатылған бағдарламаның болуы;
б) ақпараттық технология маманының компьютерлерге сауалнама бағдарламасын орнатуын қамтамасыз ету;
в) ішкі тұтынушылардың сауалнама жүргізу шараларын бақылау.
5.5.2 Сауалнама шаралары
- Сауалнама басталғанға дейін жауапты маман қатысушыларға зерттеудің міндеті мен мақсатын қысқаша түсіндіруі және сауалнама маңыздылығын көрсетуі тиіс.
- Респонденттердің сауалнама құпиялылығына және сауалнаманы толтырып болғаннан кейін ондағы ақпарат өңделіп, тек тұжырымдалған түрінде қолданылатындығына айрықша назарын аударту қажет.
- Сауалнаманың әрбір қатысушысы сауалнаманы өз бетінше, жауап мазмұны бойынша ешкіммен кеңеспестен толтыруы тиістігін көрсету қажет. Сонымен қатар сауалнама сұрақтарына қатысушылар жауабының шынайылығы мен нақтылығына сауалнама нәтижелері бойынша қорытындының дұрыстығы мен олардың негізінде жасалған ұсыныстар тиімділігі тәуелді болады.
- Сауалнаманы ұйымдастыруға жауапты маман сауалнама сұрағына жауап беруден бас тартқан әрбір жағдайға айрықша назар аударуы, сауалнама жүргізу мақсатын қайтадан түсіндіруі, зерттеудің қоғамдық маңыздылығын көрсетуі, оның құпиялылығын баса көрсетуі тиіс.
5. Жауапты мамансыз сауалнамамен жұмыс жасауға жол берілмейді.
Егер де сауалнама компьютерлік түрде жүргізілсе:
- жауапты маман сауалнамалық бағдарламамен жұмыс тәртібін қысқаша түсіндіруі тиіс.
5.5.3 Ақпараттарды өңдеу және сауалнама нәтижелерін тұжырымдау
Алынған ақпараттарды өңдеу менеджмент және мониторинг бөлімінде негізгі кезеңдермен сәйкестікте компьютерлік техниканы пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Бірінші кезең. Мәліметтерді өңдеудің логикалық сызбасын жасау:
- ақпарат жинау үшін қажетті құжат түрін анықтау;
- оны кодтау әдісін жасау;
- мәліметтерді бақылау және қателерді түзету ережелерін сипаттау;
- мәліметтерді өңдеу тәртібі мен әдісін анықтау;
- есептеу алгоритмдерін анықтау;
- өңдеу барысында алынған мәліметтерді сандық көрсеткіштерін жасау;
Екінші кезең. Статистикалық сенімділікті қамтамасыз ететін зерттеу материалдарын өңдеу үшін математикалық және бағдарламалық қамсыздандыру.
Үшінші кезең. Бастапқы ақпарат мәліметтерін өңдеуге даярлау:
- белгілері бойынша сауалнама сұрақтарын топтастыру;
- сұрақтарды топтастырумен сәйкестікте жүйелеу және кодтау;
- сауалнаманы толтыру толықтығы бойынша тексеру;
- ұсынылған ақпараттың шынайлылығын тексеру;
- өңдеу қолайлылығына тексеру, яғни жауаптарды өңдеуші бағдарламаға ақпаратты оңай қөшірмелейтін түрге келтіру;
- құжат массивін қалыптастыру.
Төртінші кезең. Ақпараттарды өңдеу (орта шаманы есептеу, корреляциялық байланысты анықтау, топтастырылымды, кестелерді, графиктерді құрастыру.)
Сауалнама нәтижелері бойынша статистикалық ақпаратты өңдеу мен алудан кейін төмендегілерді анықтау мақсатында тиісті мәліметтер талданады:
- тұтынушылар мен мүдделі тараптардың қанағаттанушылық деңгейін;
- өнімдер мен қызметтердің ұсынылған талаптарға сәйкестігін;
- процестер, өнімдер мен қызметтер сипаттамасын, оның ішінде жүріп жатқан бағыттар мен мүмкіндіктер жөнінде алдын-алу шараларын қабылдау жөніндегі ақпараттар;
- жеткізіп берушілер туралы ақпараттар.
МжМБ білім беру қызметтерін ұсынудағы ЖОО-ның күшті және әлсіз жақтарын айқындау мақсатында алынған ақпаратты талдауды жүзеге асырады.
Мәліметтерді талдау төмендегілерден тұрады:
- жинақтау;
- статистикалық әдістерді пайдалана отырып талдау (диаграмма, гистограмма, шашпа және корреляциялық талдау диаграммасы);
- қол жеткізілген нәтижелерді жоспарланған нәтижелермен салыстыру;
- сәйкес дәрежеде баяндама жасау, талқылау және шешім қабылдау;
- ақпараттарды басқарудың барлық деңгейлеріне және университеттің құрылымдық бөліктеріне тарату.
Мәліметтерді талдау Ғылыми кеңес, Ректорат, Сапа бойынша Үйлестіруші кеңес, факультеттердің мәжілістерінде жүзеге асырылады.
Ақпарат университет сайтына жіберіледі.
Сауалнама нәтижелері бойынша ұсыныстар түзету және алдын алу шараларын жүргізу мақсатында университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
Ескертулер мен ұсыныстар алған құрылымдық бөліктер түзету және алдын ала шараларын жүргізеді.
5.6 Сауалнамаларды сақтау, жою (қағаз жүзіндегі).
5.6.1 Сауалнамалар алдын-ала қарастырылады, қабылдау мерзімі бойынша салыстырылады, топтары бойынша тіркеледі, бастапқы өңдеуден өтеді.
Сауалнамалар (қағаз жүзіндегі) 1 жыл бойына сақтау мерзімі көрсетіле отырып, МжМБ-де сақталады. Мерзімі өткеннен кейін жойылады.
5.6.2 Электронды нұсқасы компьютерде «Сауалнама» деген арнайы папкада сақталады, онда сауалнамаға қатысты барлық жазбалар сақталады (мәселен, ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі жазбалар, есептер, таныстырылымдар және т.б.) Excell, Microsoft, Word түрінде сақталады. Атауы мен қабылдау мерзімі бойынша тіркеледі.
Сақтау мен жоюға, таратуға МжМБ басшысы жауапты болып табылады.
2019-2020ж.ж. социологиялық сауалнамалар өткізу
КЕСТЕСІ
№ |
Оқу үдерісінің социологиялық сауалнамалар |
Өткізу түрі |
Өткізу кезеңі |
|
Оқытушы студент көзімен (1,2,3,4 курстар) |
электрондық сауалнама |
I кезең - қазан-желтоқсан 2019ж. II кезең - ақпан-наурыз 2020ж. |
|
Жоғарғы оқу орнындағы студенттердің білім беру сапасына қанағаттану деңгейі (1,2,3,4 курстар) |
электрондық сауалнама |
13.11.2019-31.12.2019ж.ж. |
|
Студенттердің жемқорлыққа қарсы көзқарасы (1-4 курстар) |
электрондық сауалнама |
13.11.2019-31.12.2019ж.ж. |
|
Педагогикалық практика нәтижесі бойынша сауалнама (2 курс студентерге үшін) |
электрондық сауалнама |
13.11.2019-31.03.2020ж.ж. |
|
Педагогикалық (өндірістік) практика нәтижесі бойынша сауалнама(тек 3, 4 курстарға студенттерге үшін) |
электрондық сауалнама |
13.11.2019-31.03.2020ж.ж. |
|
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижесіне бітірушінің сауалнамасы(тек 4 курстарға) |
электрондық сауалнама |
13.11.2019-29.02.2020ж.ж. |
|
Білім беру қызметі мен сыртқы тұтынушылар арасында ОҚМПУ студенттерінің кәсіби деңгейін анықтауға арналған сауалнама |
тарату сауалнамасы |
наурыз 2020 ж. |
|
ОҚМПУ түлектерінің дайындық деңгейіне тұтынушылардың қанағаттануын бағалау бойынша жұмыс берушінің сауалнамасы |
тарату сауалнамасы |
қазан-желтоқсан 2019ж. |
2018-2019 ж. социологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша
Есеп
Университеттың білім беру үдерісінде сыртқы тұтынушылар мен студенттердің ЖОО-да оқыту сапасына қанағаттануына бағалаулар жүргізілді. Жоспарлы әлеуметтік сауалнамалар төмендегідей тақырыптар бойынша жүзеге асырылды:
- Оқытушы студент көзімен (І жартыжылдық)/ Univer компьютерлік бағдарламасы;
- Оқытушы студент көзімен (ІІ жартыжылдық) (сауалнама компьютерлік жүйесі);
- Жоғарғы оқу орнындағы студенттердің білім беру сапасына қанағаттану деңгейі/ Univer компьютерлік бағдарламасы;
- Студенттердің жемқорлыққа көзқарасы/ Univer компьютерлік бағдарламасы;
- Студенттердің мамандандырылған (өндірістік, педагогикалық) іс-тәжірибесінің нәтижесі бойынша алынған сауалнама (2-3, 4 курстар);
- Білім беру қызметімен сыртқы тұтынушылар арасында оқу орнымыздың бітіруші түлектерінің кәсіби деңгейін анықтау;
- Элективті пәндер бойынша білім беру нәтижесін студенттердің бағалауы;
- Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың еңбекті ұйымдастырылуына қанағаттану деңгейі.
Ректордың тапсырмасы бойынша жоспардан тыс сауалнама «Кафедра меңгерушісінің қызметін бағалау».
Аталған сауалнамалар бойынша қорытынды төмендегідей:
2018-2019 оқу жылы барысында «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы екі рет өткізіліп, зерттеу нәтижесі бойынша жалпы респондент саны 1602 (І жартыжылдық) қатысқан респонденттер саны – 1450 (75% жалпы студент контингенті бойынша) ал, көктемгі семестр бойынша респондент саны - 1565 (1,2,3 курс студенттер арасында (ІІ жартыжылдық) «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамаға катысты. Сауалнама компьютер арқылы электронды түрде жүргізілді. Сауалнама 5 балдық бағалау шкаласымен анықталады. Студентердің оқытушыларға берген нәтижесі қанағаттанарлық деңгейде.
Кесте 1. ОҚМПУ бойынша факультеттердің рейтингі (2018-2019 о.ж. бойынша «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасының нәтижелері)
Факультеттер |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Жалпы орта бал |
Жаратылыстану |
4,74 |
4,64 |
4,67 |
4,67 |
4,58 |
4,62 |
4,58 |
4,63 |
4,69 |
4,63 |
4,60 |
4,58 |
4,66 |
4,69 |
Филология |
4,63 |
4,62 |
4,72 |
4,70 |
4,59 |
4,59 |
4,64 |
4,69 |
4,63 |
4,64 |
4,66 |
4,66 |
4,63 |
4,68 |
Кәсіптік-шығармашылық |
4,93 |
4,84 |
4,94 |
4,96 |
4,94 |
4,91 |
4,93 |
4,93 |
4,96 |
4,93 |
4,94 |
4,93 |
4,95 |
4,92 |
Педагогика-гуманитарлық |
4,76 |
4,71 |
4,73 |
4,72 |
4,73 |
4,70 |
4,75 |
4,76 |
4,76 |
4,72 |
4,72 |
4,73 |
4,71 |
4,77 |
Физика-математика |
4,64 |
4,62 |
4,64 |
4,64 |
4,63 |
4,60 |
4,62 |
4,62 |
4,63 |
4,62 |
4,62 |
4,62 |
4,62 |
4,69 |
Дене шынықтыру және спорт |
4,72 |
4,69 |
4,69 |
4,64 |
4,73 |
4,62 |
4,75 |
4,71 |
4,72 |
4,71 |
4,74 |
4,67 |
4,69 |
4,72 |
ОКМПУ бойынша |
4,74 |
4,69 |
4,73 |
4,72 |
4,70 |
4,67 |
4,71 |
4,72 |
4,73 |
4,71 |
4,71 |
4,70 |
4,71 |
4,75 |
Диаграмма 1. Университет факультеттер бойынша жоғары кәсіби көрсеткіштер рейтингі
Университет бойынша оқу жылы барысында 1-2 жартыжылдық нәтижесі бойынша алынған жалпы мәліметтер ОПҚ білім беру қызметінің сапасын бағалау жөніндегі динамикасының қанағаттанарлық екендігін көрсетеді: педагогикалық шеберлік, оқу курстарының күрделілік деңгейі. Жалпы орташа балл 4,67-студенттер ЖОО-ның ПОҚ сабақтарында мамандық бойынша білім мен дағдыларды меңгеруді бағалайды.
Кесте 2. Кафедралар бойынша жоғары кәсіби көрсеткіштер рейтингі
№ |
Кафедралар |
Жалпы орта балл |
1 |
Бастауышта оқыту әдістемесі |
4,95 |
2 |
Музыкалық білім |
4,95 |
3 |
Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері |
4,89 |
4 |
Ағылшын тілдері |
4,84 |
5 |
Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық |
4,82 |
6 |
Биология |
4,81 |
7 |
Педагогика |
4,81 |
8 |
Орыс тілі мен әдебиеті |
4,80 |
Диаграмма 2. Кафедралар бойынша жоғары кәсіби көрсеткіштер рейтингі
«Жоғарғы оқу орнындағы студенттердің білім беру сапасына қанағаттану деңгейі» (Univer компьютерлік бағдарламасы) сауалнамасы бойынша 1419 респонденттен жауап алынды. Сауалнама компьютер арқылы жүргізілді. Оқыту шарттарына сәйкес: респонденттердің бағалауы бойынша 84,1% «толық қанағаттандырады» бағаласа, 15,9 % оның негізгі жағы «кейде қанағаттандырады» деп бағалады. Сауалнамаға жауап берушілердің 85,6% - ы факультет деканының жұмысына толық қанағаттандырылды.
Диаграмма 3. ОҚМПУ студенттерінің оқу үрдісінің әр түрлі жақтарын бағалауы
«Студенттердің жемқорлыққа қарсы көзқарасы» 2018-2019 о.ж.» (Univer компьютерлік бағдарламасы) сауалнама бойынша 710 респонденттерден жауап алынды. Сауалнама компьютер арқылы жүргізілді. Сауалнамаға респонденттердің 100,0% - ы ЖОО-да сыбайлас жемқорлықтың болмауын атап өтті.
Диаграмма 4. 2018-2019 о.ж. бойынша «Студенттердің жемқорлыққа қарсы көзқарасы» сауалнамасының нәтижелері
Оқу-танысу тәжірибесінің қорытындысы бойынша социологиялық сауалнамаға ЖОО-ның 571 студенті қатысты. ЖОО – ның 2 курс студенттерінің 82,3% -ы үшін таныстыру практикасы-мектептегі оқу үдерісін іске қосу мүмкіндігі. Сұралғандардың 16,6% болашақ жұмысқа орналасу нысанын таңдау мүмкіндігін атап өтті. Сауалнамаға респонденттердің жартысынан астамы (60,6%) практикадан өту кезінде қиындықтарға тап болған жоқ. Алайда, 39,4% олардың бар екенін атап өтті (Жаратылыстану, Педагогика-Гуманитарлық, Филология, Физика-Математика факультеті). Негізінен практика пассивті болып табылатынына қарамастан, сауалнамаға респонденттердің 46,7%-ы оқушылармен (Физика-Математика, Жаратылыстану, Педагогика - гуманитарлық факультет), 40,9%-ы-мұғалімдер мен ата-аналармен (Жаратылыстану, Педагогика-гуманитарлық факультет) өзара іс-қимылда күрделілігін атап өтеді.
Диаграмма 5. 2018-2019 о.ж. бойынша «2 курс студентерге үшін Педагогикалық практика нәтижесі бойынша сауалнамасының» нәтижелері
Іс-тәжірибенің сапалы өтуі мен білім алушылардың кәсіби шеберлігін жоғарылату мақсатында ЖОО студенттерінің берген бағасын талдау сауалнамасы бойынша 3,4 курс студенттері арасынан 621 респонденттен жауап алынды. (83,2% жалпы студент контингенті бойынша) ОҚМПУ студенттері 74,9% іс-тәжірибенің өтуін «өте жақсы» деп бағаласа, 22% «жақсы», 2,9% «қанағаттанарлық» жауаптар берген. 42,3% жоғары оқу орындарында пәнді оқуға қатысты қосымша сабақтарды көбейту керектігін сұраса, 37,2% педагогикалық және психологиялық тренинг өткізуді қалайды, 20,2% үздіксіз тәжірибеге сағатты көбірек бөлуін сұрайды, ал 0,2 % басқа да жауаптармен орын алған.
Диаграмма 6. ЖОО-ның 4 курс студенттерінің педагогикалық практикадан өту қорытындысын бағалауы «Студенттің педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижесі бойынша сауалнамасының» нәтижелері
Сауалнамаға жауап берушілердің 63%-дан астамы өз тәжірибесімен бөлісіп, өз уақытында практикалық көмек көрсеткен пән мұғалімдерінің «үздік» жұмысына баға берді. 36,9% пән мұғалімдерін «жақсы» деп бағалады, өйткені әдістемелік көмек өте шектеулі болды (Жаратылыстану, Филология, Физика-математика ф-тер).
«Білім беру қызметімен сыртқы тұтынушылар арасында оқу орнымыздың бітіруші түлектерінің кәсіби деңгейін» анықтауға 188 сарапшы қатысты 33 университет мамандығы бойынша. Жұмыс берушілердің 64,7% - ы ЖОО-ның студент-практиканттарының жұмысын «үздік» деп бағалайды. Жұмыс берушілердің 35,3% тәжірибеден өтушілердің жұмысын «жақсы» деп бағалайды.Жұмыс берушілердің бағалау нәтижесі бойынша ОҚМПУ түлектерін маман дайындауда арнайы тиімді оқытудың инновациялық технологиясы мен оқу-әдістемелік іс-тәжірибелері жоғары деңгейде қолданылады.
Диаграмма 7. Жұмыс берушілердің ЖОО-ның 3,4 курс студенттерінің өндірістік практикадан өту қорытындысын бағалауы
«Элективті пәндер бойынша білім беру нәтижесін студенттердің бағалауы» сауалнамасына ЖОО-ның 4 курс 372 студенті қатысты.
Студенттердің таңдау бойынша пәндерді оқытумен қанағаттанбауының негізгі мәселелері:
1. мамандықтың көптеген пәндері бойынша білім сапасыз берілді
2. элективті пәндер каталогы бойынша кейбір пәндер мүлде керек емес
3. кейбір оқытушылар мамандық пәндерін сапасыз жүргізді .
«Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың еңбекті ұйымдастырылуына қанағаттану деңгейі» сауалнама бойынша 320 ПОҚ қатысты. ЖОО ПОҚ еңбекті ұйымдастырудың түрлі жақтарын 4,7 балдан жоғары бағалайды.
ЖОО ПОҚ қанағаттануының жалпы орташа балы-4,76.
Диаграмма 8. ПОҚ ЖОО-да еңбекті ұйымдастырудың негізгі салаларымен қанағаттануы
Сонымен, университет деңгейінде жүргізілген барлық сауалнамалар бойынша қорытынды:
- ЖОО-ның 54 ПОҚ жоғары кәсіби педагогикалық қасиеттері бар респонденттермен бағаланды. ЖОО-ның 8 кафедрасы рейтинг қорытындысы бойынша 4,80-ден 4,95 балға дейін ең жоғары көрсеткішке ие болды.
- Сауалнамаға респонденттердің 100% - ы ЖОО-да сыбайлас жемқорлық көріністерінің жоқтығын атап өтті.
- «Жоғарғы оқу орнындағы студенттердің білім беру сапасына қанағаттану деңгейі» сауалнама бойынша оқыту шарттарына сәйкес: респонденттердің бағалауы бойынша 84,1% «толық қанағаттандырады» бағаласа, 15,9 % оның негізгі жағы «кейде қанағаттандырады» деп бағалады.
- Студенттердің жемқорлыққа қарсы көзқарасы» сауалнама бойынша респонденттердің 100,0% - ы ЖОО-да сыбайлас жемқорлықтың болмауын атап өтті.
- 2 курс студенттерінің практика шарттарына бейімделу деңгейі (60,6%) сәйкес келеді. Сауалнамаға жауап берушілердің 80,9% жалпы ЖОО бойынша ЖОО-дан әдіскерлердің жұмысын оң бағалайды.
- 3,4 курс студенттердің мамандандырылған (өндірістік, педагогикалық) іс-тәжірибесінің нәтижесі бойынша алынған сауалнама бойынша 90,9% -ы респонденттер «жақсы» және «өте жақсы» кәсіби және педагогикалық практикадан өту сапасын бағалайды.
- Жұмыс берушілердің 64,7% - ы ЖОО-ның студент-практиканттарының жұмысын «үздік» деп бағалайды. Жұмыс берушілердің 35,3% тәжірибеден өтушілердің жұмысын «жақсы» деп бағалайды.
- ЖОО ПОҚ қанағаттануының жалпы орташа балы-4,76.
- ЖОО ПОҚ еңбекті ұйымдастырудың түрлі жақтарын 4,7 балдан жоғары бағалайды.
ҚР студент жастарының әлеуметтік көңіл-күйі