Мәдениет бөлімі

МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІ

                Продюсер

                      Фахридинова Хадиша Шамшидиновна

Мәдениет бөлімі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен қатысатын студенттерді  әсемдікке,  өнерге, мәдениет салаларына  баулуды, талантты  жастардың  шығармашылығына  қолдау  көрсету, жастарды  ұлттық рухта  тәрбиелеу, өнерлі жастарды қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға дайындауды,  қазақ   эстрадасына,  өнер әлеміне  жетелеуді мақсат етіп қойған. Эстетикалық тәрбие  беруді және  бос  уақытын  тиімді пайдалануды, жастардың  талант  көздерін ашуды, жаңа  тың  көзқарастағы жастардың прогрессивті ой-өрісін дамытуды көздейді.

 

Мәдени іс-шаралар ұйымдастырушы

 Нұрпопа Диана Нұрәліқызы

Міндеті – мәдени іс-шараларды өткізу істеріне байланысты (концерттер, би кештері, фестивальдер, байқаулар) мәдениеттің түрлі бағыттарындағы көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыру. Ұйымдастыруда ерекшеліктер, жаңашылдықтар енгізу.

 

Дыбыс режиссері

  Байтеев Олжас Сардарбекович

Міндеті – мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу істеріне байланысты (концерттер, би кештері, фестивальдер, байқаулар) мәдениеттің түрлі бағыттарындағы көрсетілген іс-шараларда дыбыс шығарушы, дыбыс күшейтуші, электронды және саздық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

 

Әдіскер

 Баймаханов Нуржан Кожаналиевич 

Міндеті – үйірмелер бойынша сабақ кестесін құрастырады; студенттердің сабақтарын ескере отырып, үйірме кестесін құрады; барлық үйірменің дайындық кестелерінің оқу жоспарына сәйкестігін тексеріп бекітуге ұсынады.

Мәдениет бөліміне қарасты 5 үйірме бар:

Эстрадалық өнер маманы, ҚР Мәдениет қайраткері

Шалабай Қадиша Өмірзаққызы

Эстрада үйірмесі - эстрада жанрының жан-жақты стильдерімен таныстыра отырып, әр түрлі стильдегі орындау шеберлігін шыңдайды және сахналық мимика, қимыл-қозғалысы, дауыс ерекшелігі, микрофонмен жұмыс істеу, фонограмманы пайдалану т.б. шеберліктеріне жаттықтырады. 

 

Вокал бойынша маман

Джумаев Дархан Сержанович

Вокал үйірмесі - студенттердің жоғарғы көркем мазмұндағы репертуарды жетілдіруіне және концертттік шараларда музыкалық нөмірлерге сапалы түрде дайындауына ықпал жасайды, әйгілі әндерді әртүрлі жанрда орындауға үйретеді және студент жастардың шығармашылық таланттарын дамыту бағытындағы байқаулар мен фестивальдер өткізеді. 

 

 

Хореограф

Таукеев Қуат Анатольевич

Ергебекова Лаззат Мухтарқызы

Би үйірмесі - студенттерді халық билерінің элементтеріне, классикалық, академиялық қимыл-қозғалыстарына үйретеді және сахнада топпен синхронды билеуге дайындайды. 

 «Ақбаян» студенттік сән театры әлемдік сән индустриясы талаптарына сәйкес параметрдегі қыз-жігіттермен жұмыс істейді. Киім сән үлгілерін көрсету өнерінің жан-жақты қыр-сырларын, үйретеді. Сахналық мимика, сахналық дефиле, жұмыс траекторияларын шыңдайды. Жетекшісі – Марат Ерімбетов.

Айтыс үйірмесінің жетекші маманы, халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, айтыскер-ақын, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Байтуов Биржан Каниевич

Айтыс үйірмесі әдебиет және өнер майталмандарының өмірлері мен шығармаларын, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін және өнерін кеңірек насихаттау арқылы студенттердің өнер әлеміне қызығушылығын арттырады.