Тест орталығы

Тест орталығының басшысы
Кожамбердиева Жанат Камаловна
Жұмыс орны: Б ғимараты, 204 кабинет
Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-39-02-44 (731)
Ұялы байланыс сымтетігі: 8-707-737-96-61
Е-mail:
 
Тест орталығының  ұжымы
Әдіскер:                                             Салманова Паруза Өмірзаққызы
Бас администратор:                         Нығыметова Сулушаш Мұратқызы
Жүйелік администраторы:               Таспулатов Болат Асқарұлы
Оператор:                                         Орынбасаров Нұрбол Онғарбайұлы
 
Тест орталығының жұмыс мазмұны
2015-2016 оқу жылының ақпан айында ректордың бұйрығы негізінде Тест орталығы құрылды.
Тест орталығында университеттің күндізгі және кешкі оқу түрінде білім алушылардың білімдерін компьютерлік тестілеу арқылы бағалау жүргізіледі.  Кредиттік оқыту технологиясына сай білімді бақылаудың формалары – аралық, межелік және қорытынды бақылаулар.
Компьютерлік тестілеуде білім алушыларға берілген бірнеше нұсқаулардан дұрыс жауапты тез және дұрыс таңдау іскерлігі қалыптасады.
Пәндер бойынша тест тапсырмаларын құрастыру және жаңарту технологияларын дамыту жүйелі түрде жүргізіліп отырады.
 
Орталық жұмысының негізгі мақсаты:
- Университеттің  сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру;
- Барлық құжаттардың сапа менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету;
- «Univer» бағдарламасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Білім алушылардың ағымдық және межелік бақылау тапсыратын пәндерден дайындалатын тест сұрақтарының кредит санына және тест тапсырмаларының мазмұнының  маман дайындау моделінің құзыреттілік талаптарына сәйкес келуін талап ету, қадағалау;
- Кредиттік оқыту жүйесі бойынша білімді бағалауды оқу процесінің кестесіне сай ұйымдастырып өткізу;
- «Univer» бағдарламасының мүмкіндігіне қарай орталық жұмысын жетілдіріп отыру;
- Тест формасында өтетін межелік бақылау мен емтиханды жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізу;
- Тест тапсырмаларының уақытылы өткізілуін қадағалау, қабылдау;
- Сессия кезінде оқытушы-профессорлар құрамынан құрылған комиссия, кезекшілік жұмыстарының жоғары деңгейде, жауапкершілікпен өткізуді талап ету;
- Білім алушылардың межелік бақылаулар мен емтихандарға бекітілген кестеге сай кешікпей  келуі мен қажетті құжаттарының болуын қадағалау, талап ету;
- Білім алушылардың Тест орталығында сессия кезінде сырт көрініс, мінез-құлық мәдениеттерінің жоғары деңгейде болуын қадағалау, бақылау, талап ету;
- Компьютерлік сыныптарда  тәртіптіліктің жоғары деңгейде болуын және университет  мүлкі мен техникалық құралдардың бүтіндігін қадағалау;
- Техникалық құралдар кешенінің мақсатты түрде пайдалануын бақылау, талап ету.
 
 
Білім алушылар мен ата-аналар үшін жеке логин-парольдері арқылы  үлгерімнің жай-күйі мен  деңгейлері  жайлы мәліметтер алып отыруға мүмкіншілік, жағдай жасалған.