Университеттің миссиясы мен стратегиялық мақсаттары

Университеттің миссиясы мен стратегиялық мақсаттары

Стратегиялық мақсаты

Университет  миссиясы – білім саласындағы озық тәжірибелер негізінде адами капитал сапасын арттыру.

Университет көрінісі – жаңа форматтағы білім беру және ғылым хабына айналу.

Стратегиялық бағыттар (СБ) мен мақсаттар (СМқ)

  1. 1 СБ: Сапалы білім беру қызметтерін және бәсекеге қабілетті кәсіптік мамандар даярлауды қамтамасыз ету.
    1. СМқ: Біліктілік деңгейі бойынша дамып отырған ішкі нарық мұқтаждықтарына және халықаралық стандарттар мен талаптарына жауап бере алатын кәсіби кадрлар даярлау.
  2. 2 СБ: Өңірдің және елдің экономикасы мен әлеуметтік басым салаларды ғылыми қамтамасыз ету.
    1. СМқ: Өңірдің және елдің тұрақты инновациялық дамуы үшін іргелі зерттеулер базасында институттың білімі мен инновациялық білім беру технологияларының бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысқа ие болуына қол жеткізу.
  3. 3 СБ: Адами капиталдық маңызды сипаттамалары ретінде маманның бойында азамат және патриот, тарихи үрдісті жасаушы және өзінің өзектілігін дамыта білетін тұлға қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау.
    1. СМқ: Кәсіптік және әлеуметтік құзыреттілікке ие азамат пен патриоттың өзіне сенімді және бәсекеге қабілетті тұлғасын тәрбиелеу.

Стратегиялық міндеттер (СМ)

1.1.1 СМ: Өңір және тұтас ел үшін жоғары білікті бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін кәсіптік оқу бағдарламаларын жетілдіру;

1.1.2 СМ: Диссертациялар қорғау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жолымен институттың кадрлық әлеуетін күшейту;

1.1.3 СМ: Институттың материалдық-техникалық базасының дамуы;

1.1.4 СМ: Білім беру қызметтері сапасына бақылау жүргізудің заманауи тетіктерін пайдалану;

1.1.5 СМ: ЮНЕСКО және Болон үдерісінің Лиссабондық конвенциясы талаптарына сәйкес келетін кадрлар даярлау;

1.1.6 СМ: Білім, ғылым, өндіріс бірлігін жүзеге асыру.

2.1.1 СМ: Заманауи ғылыми инфрақұрылым құру;

2.1.2 СМ: Ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру;

2.1.3 СМ: Ғылыми зерттеулер сапасын арттыру;

2.1.4 СМ: Ғылыми қызметкерлерді ақпараттық қор-лармен қамтамасыз ету.

3.1.1 СМ: Студенттердің ЖОО ішіндегі және сыртқы ұйымдарға қатысуына қолдау көрсету;

3.1.2 СМ: Студенттерді белсенді әлеуметтік өмірге дайындау және олардың әлеуметтік құзыреттілігін арттыру;

3.1.3 СМ: Әлеуметтік тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралар сапасын қамтамасыз ету;

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН  СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ