Филология факультеті Қазақ және әлем әдебиеті Өткізілген тәрбиелік іс-шаралар

23.10.15

Филология факультеті

Қазақ және әлем әдебиеті Өткізілген тәрбиелік іс-шаралар

2015 жылдың 8 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі,  Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен   жастар арасында өткен «Студенттік шақ» фестивалі аясында «Көркем сөз оқу» байқауында   Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасы жанынан ашылған «Сыр сандық» әдебиет және өнер бірлестігінің  2-курс, 117-24 тобының студенті Ыбырақ Асылзат ІІІ орынды иеленіп келсе, 2015 жылдың 2 қазан күні Оңтүстік  Қазақстан облысы әкімдігі,  Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақтың қилы тарихы» тақырыбындағы студент жастар арасындағы сахналық қойылым байқауында М.Әуезовтің «Хан Кене» пьесасынан үзінді қойған жас студенттеріміз жүлделі 3-орынды иеленіп, 100 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

      Сонымен қатар, 5 қазан күні «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Абылай – азаттықтың алдаспаны»» атты тақырыпта төмендегідей 3 түрлі бағытта әдеби-танымдық кеш өткізілді:

1) М.Әуезов «Хан Кене» сахналық көрініс (Филология факультеті жанынан құрылған «Сыр сандық» әдебиет және өнер бірлестігінің студент жастарының қойылымы);

2) «Абылай – азаттықтың алдаспаны» аламан айтыс (Қатысқан айтыскер ақындар: Есжанова Маржан, Жаппарқұлова Анар, Наушабеков Жарқынбек,  Есенқұлов Нұрлан, Ақсақалов Дәурен, Ниязбек Аян, Анафия Нұрғали т.б.);

3) Ән шашу.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.