Тіркеу бөлімі

Тіркеу бөлімінің басшысы: Мыңбаева Ақбілек Пазылханқызы –  PhD (философия) докторы

Бас корпус, 113 кабинет  

Тіркеу бөлімі – білім алушылардың барлық тарихын тіркеумен айналысып, оның академиялық рейтингісін есептейтін және білімін бақылаудың барлық түрлерінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін академиялық қызмет.

  Негізгі міндеттері:

-курстарға тіркеу және қайта тіркеу процестерін ұйымдастырады;

 -студенттердің жеке жоспарын факультеттермен бірлесе отырып реттейді;

-Дипломға қосымша транскрипт дайындайды;

-UNIVER 2.0 бағдарламасына тіркеу жұмыстарын жүзеге асырады;

-кредиттік оқу жүйесі бойынша оқитын студенттерге  емтихан сессиясын жүргізеді, ұйымдастырады және  қорытындылайды;

-академиялық топтар мен ағымды  құрады;

ЖОО-да Босаған білім гранттарын беру туралы ереже

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) кадрларды даярлау бағыттары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.

      Конкурс үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріле отырып өткізіледі.

      Ашық конкурс туралы хабарландыру кадрларды даярлау бағыттары мен курстары бөлінісінде босаған бос білім беру гранттарының саны көрсетіліп, ЖЖОКБҰ-ның сайтында (білім беру порталында) орналастырылады.

      Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бос тұрған орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына алдағы уақытта жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

      2) келіп түскен өтініштер ЖЖОКБҰ-ның ғылыми (академиялық) кеңесі мен бақылау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қарастырылады;

      3) ЖЖОКБҰ-ның ғылыми (академиялық) кеңесі мен бақылау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы жылғы 5 тамыз және 15 қаңтарға дейінгі мерзімде босаған бос білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім шығару үшін жолдайды.

      Тізімге білім алушының өтінішінің көшірмесі, ғылыми (академиялық) кеңес пен бақылау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі, білім алушының транскриптінен үзінді, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі;

      4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберілген бос білім беру гранттарын комиссия үміткерлердің болмағандығына байланысты конкурстық негізде қайта тағайындайды;

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті бойынша жылдық емтихан есептері.

2016-2017 оқу жылының  емтихан сессиясының қорытынды есебі

2017-2018 оқу жылының емтихан сессиясының қорытынды есебі 

2018-2019 оқу жылының  емтихан сессиясының қорытынды есебі

Академиялық күнтізбе

Студенттердің жол көрсеткіші