Медпункт

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

ОҚМПУ қарамағында бес  медициналык бекет бар, олар мына мекен-жайда орналаскан:

1. А.Байтұрсынов көшесі,13 «А» оқу ғимаратында және № 1 студенттер үйінде
2. А.Байтұрсынов көшесі,13 «Б» оқу ғимаратында және Қ.Рысқұлбеков №2 студенттер үйінде
3. А.Байтұрсынов көшесі,63 «С»

Барлык медициналык бекет қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі таңда үш медбике жұмыс жасайды.

Мемлекеттік лицензия бойынша алғашкы медициналық-санитариялық көмек, дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі. Келген студенттердің салмағын, бойын, дене қызуы мен қан қысымын өлшеп ,шағымы бойынша дәрігерге жолдама беріледі. №8 қалалық емханамен келісім-шарт түзілген,Әр студент жылына 1 рет медициналық тексеруден флюорографиялық бақылаудан өтеді, тұмауға, қызылшаға, қызамыққа т,б қарсы екпе егіледі. Мүгедектік тобы бар студенттер, шетел азаматтары, жүкті әйелдер дер кезінде диспансерлік есепке алынады. Студенттің тиімді тамақтануын қадағалай отырып, Жіті жұқпалы аурулардыңалдын-алу мақсатында студенттерге түсіндірме жумыстары жүргізіледі. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығымен бекітілген жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары бойынша профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді міндетті медициналық қарап тексеруден өтуін қадағап отырады. Медпункт алғашқы медициналық-санитариялық көмек шегінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамассыз етілген.

САНСЫЗБАЕВА МАРЗИЯ ОМАРХАНКЫЗЫ

А. Байтұрсынов көшесі 13 ОҚМПУ «А» оқу ғимаратының  және №1 студенттер үйінің жауапты медбикесі

Досқараева Меруерт Қанатқызы

А. Байтұрсынов көшесі 13 ОҚМПУ «Б» оқу ғимаратының  және Қ.Рысқұлбеков 8 №2 студенттер үйінің жауапты медбикесі

Белгібаева Сәуле Асанқызы

А. Байтұрсынов көшесі 63 ОҚМПУ «С» оқу ғимаратының  және №3 студенттер үйінің жауапты медбикесі