СПОРТ САҢЛАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

18.11.19

СПОРТ САҢЛАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

 

Студент жастардың арасында спорт пен дене шынықтыруды дамыту басты мәселе болып отыр. Дамушы оқу орындарының деңгейі әр жылы өтетін кешенді универсиада кезінде белгілі болады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің жаңадан тағайындалған ректоры Анар Қайырбекова оқу ордасындағы даңқты спортшылармен кездесу өткізіп университет саңлақтарының жай күйімен жақын танысты.

Басқосуға халықаралық дәрежедегі дзюдо шебері Перизат Қадырбекова, бокстан халықаралық жарыстардың жүлдегері Бекзат Қашқын, футболшы "Арыс" командасының үздік қақпашысы Мерей Мәуіз, спорт шебері Нысаналы Айбол да қатысты. Кездесуде студенттер спорттық жаттығулар мен дайындықтары туралы айтып берді. Ректор оларға сәттілік тілеп, халықаралық жарыс жеңімпаздарына лайыкты марапат жасалатынын жеткізді. Сонымен қатар оқу орнынынң намысын лайықты қорғай алатын спортшыларға әркез жеңілдіктер қарастырылатыны айтылды. жеңімпаздарға бір степендия көлемінде қосымша сый-ақы берілетін болды. Басты мәселе оқу орны спортшыларының әлемдік жарыстардан шет қалмай,еліміздің туын биіктерде желбірету жолында жан-жақты қолдау жасалатыны жеткізілді. Ендігі мақсат ел Универсиадасында жоғары орындарға күресу болып тұр.

Өмірәлі Тұрысқұлов - дене шынықтыру және спорт кафедрасының деканы

Нұрсұлтан   Әбдірашит    

https://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/sport-sanlaktarymen-kezdesu#