Биология кафедрадағы оқу-әдiстемелiк жұмыстар.
Биология кафедрасы 5В011300- «Биология», 5В060700- «Биология» мамандықтары бойынша бакалавр мамандарын және 6М011300-Биология және 6М060700-Биология мамандықтары бойынша магистрлерді даярлайды.
Кафедрадағы пәндер бойынша дайындалған жұмыс оқу бағдарламаларының сапасы ЖОО оқу-әдістемелік талаптарына сай дайындалады. Кафедрадағы оқу-әдiстемелiк жұмыстар кафедра мәжiлiсiнде талқыланып бекiтiліп, оқу-әдiстемелiк жұмыс оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына және оқытушылардың жеке жоспарына сәйкес жүргiзiледі.
Әдістемелік жұмыс жоспары бойынша пәндердің жұмыс бағдарламаларының, силлабустардың сапасы мен дайындығы, әдістемелік құралдарды баспадан шығарудың орындалуы мен сапасы, пәндердің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі, инновациялық тәсілдерді оқу процесіне енгізу, емтихан, сынақ, тест тапсырмаларының сапалылығы, оқу-дала практикасын ұйымдастыру мен өткізу туралы, тағы басқа мәселелер қаралады.
Оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша 2016-2017 оқу жылында 15 оқу құралы, 4 оқу- әдістемелік құрал және 1 монография жоспарланған. Жоспарланған 15 оқу құрал мен 4 оқу-әдістемелік құрал және 1 монография кафедрада қаралып, факультеттің және институттың оқу-әдістемелік Кеңестің шешімімен бекітіліп, жарыққа шықты.
Оқу-әдістемелік жұмыстар қамтамасыздандыру диаграммасы
Инновациялық жұмыстардың жоспарына электронды оқулықтар дайындау және оларды дәріспен лабораториялық сабақтарға қолдану тәсілдері, мультимедиялық аппараттарды қолдану, сонымен қатар бірнеше тақырыпта жаңашыл инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып сабақтар өту енгізілген.
Халикова Г.С. «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінен қараша айында студенттер арасында семинар ұйымдастырды. Ол болашақ мамандық тұрғысынан күнделікті өмірден алынған теориялық проблемалар мен мәселелерді шешуге бағытталды. Семинар барысында студенттер жаңа білімді қалайша өздігінен толықтыру, жетілтіру керектігін көрсетіп ой бөлісті.
«Оқу және оқытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында а/ш.ғ.к., доцент м.а. Г.С.Халикова коучинг өткізді. Мақсаты: Биологиядан оқушылардың дарындылығын және талантын анықтау үшін қандай жұмыстар жүргізуге болады деген сұраққа жауап іздеу, критериальды бағалаудың, сабақ ұйымдастырудың жаңаша шарттарын оқытушыларға, мұғалімдерге , әсіресе болашақ мұғалімдерге жеткізу, бүгінгі мектептің, мұғалімнің, оқушының жағдайын талдау, XXI ғасыр дағдысы қалыптасқан оқушыны дайындауға үлес қосу.
Оқытушылардын біліктілігін арттыру жөніндегі мәліметтер
Кафедра оқытушылардың 2016-2017 о.ж. біліктілік арттыру курстарына барып білімдерін жетілдірді. Атап айтқанда магистр – оқытушы Спабек Гаухар Амангельдіқызы 26.09.16–22.10.16ж. аралығында (Сертификат № 0131991) «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығында өтіп келді.
Алматы қаласында Аль Фараби атындағы ҚазҰУ ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін ағылшын тілінде арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде 01.11.16-31.01.16 ж. аралығында курсты кафедрадан 8 оқытушы білім жетілдіру курсына қатысты, сертификат алды.
Туребекова Г.З. Германияда Дюссельдорф қаласындағы, Жаратылыстану ғылымдарының Европалық академиясында біліктілік орталығына барып келді.
2017-2018 оқу жылында Алматы қаласында Сатбаев атындағы ҚазҰТУ ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін ағылшын тілінде арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде 25.06.18-22.07.2018 ж. аралығында курсты кафедрадан 6 оқытушы өтіп келді (№8 тіркеме) және Астана қаласына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық- оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру білім бағдарламасы бойынша оқу курсын 3 оқытушы аяқтап келді.
2018-2019 о.ж. Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік» орталығы әзірлеген «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық- оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру» білім бағдарламасы бойынша оқу курсына 7 оқытушы қатысып, біліктіліктерін арттырды. ҚР ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының «Өрлеу» біліктілігін арттыру бойынша «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» атты білім жетілдіру курсына 01.04.19-17.05.2018 ж. аралығында 2 оқытушы қатысты.
Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық- оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру кезені.
Ашық сабақтар
Кафедрада өткізілетін пәндер бойынша лекция, лаборатория, практикалық және ОБСӨЖ сабақтардың мазмұндылығын, өту сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылардың ашық сабақтар өткізеді.
2016-2017 оқу жылында 8 ашық сабақ өтілді: доцент Байсеитова Н.М., Сартбаева Г.М., Халикова Г.С., доцент Айтбаева А.Е., доцент Сарсембаева М.У., Мамытова А.Ы., Айдарбекова А.С., доцент Жаппарбергенова Э.Б.
2017-2018 оқу жылында 5 ашық сабақ өтілді: Жаппарбергенова Э.Б., Халикова Г.С., Сартбаева Г.М., Айтбаева А.Е. Қолданылған әдістері: ой қозғау, инсерт, рольдік ойын, жұптағы ой қозғау, болжау, бірін бірі оқыту; Білемін, білгім келеді,білдім; ақпараттық технология, практикалық әдістердің тәсілдері.
2018-2019 оқу жылында 4 ашық сабақ өтті.
Инновациялық жұмыстардың жоспарына электронды оқулықтар дайындау және оларды дәріс пен лабораториялық сабақтарға қолдану тәсілдері, мультимедиялық аппараттарды қолдану, сонымен қатар бірнеше тақырыпта жаңашыл инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып сабақтар өту енгізілген. Аталған жұмыстар жоспар бойынша орындалып, хаттамалары тіркелген.
Жоспар бойынша доцент Жаппарбергенова Э.Б. «The importance of the traditional national products in the life» тақырыбында ағылшын тілде ашық сабақ өткізді. Әр түрлі әдістерді қолданды, 4 курс студенттер белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, сабақтын мақсатына жетті.
Халикова Г.С. «Биологиянын оқытудын технологиялық негіздері» пәнінен 6 желтоқсан айында Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтынын 3 курс студенттеріне онлайн сабақ өткізді. Ол болашақ мамандық тұрғысынан күнделікті өмірден алынған теориялық проблемалар мен мәселелерді шешуге бағытталды. Семинар барысында студенттер жаңа білімді қалайша өздігінен толықтыру, жетілтіру керектігін көрсетіп ой бөлісті.
Зоология пәнінен а.ш.ғ.к. Сартбаева Г.М. 2 курс студенттеріне ашық сабақ өткізді.
2017-2018 оқу жылында ОПҚ-ның баспадан шығарылған жұмыстарының саны: 9 оқу құралы, 14 оқу-әдістемелік құралдар шығарылды және 1 электронды оқулық шығарылды.
2018-2019 оқу жылында кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспары бойынша 11 оқу құралы, 14 оқу-әдістемелік құралдар және 1 электронды оқулық шығарылды.
Кафедра профессор-оқытушылар құрамы баспадан шығарылған оқулықтары, оқу құралдар және оқу әдістемелік нұсқауларын сапасы түрде, кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сай дайындаған. Дайындалған оқулықтар, оқу құралдары және т.б. кафедраның әдістемелік кешенінде қаралып, талқыланып, ғылыми мектеп кеңесінде қарауға және баспадан шығаруға ұсыныстар жасалып, баспаханадан шығарылды.
2018-2019 оқу жылында кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспары бойынша 11 оқу құралы, 14 оқу-әдістемелік құралдар және 1 электронды оқулық шығарылды. Атап айтқанда, доцент Н.Байсеитованың және магистр Ж.Әльфарабиқызы «Ботаника» оқу-әдістемелік құралы институттың оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды. Доцент М.Сарсембаеваның және магистр С.Жайынбаеванын «Физиология растений» оқу құралы, Н.Байсеитованың және С. Жайынбаеваның «Ботаника» пәнінен қазақша-ағылшын сөздік оқу-әдістемелік құралы баспаханадан шығарылды.
Оқу-әдістемелік жұмыстар қамтамасыздандыру бойынша диаграммасы
Оқу-әдістемелік жұмыстар қамтамасыздандыру бойынша кесте
Оқу жылы |
Оку кұралдары саны |
Оку-әдістемелік құралдар саны |
Электронды оқулық
|
17-18 |
9 |
14 |
1 |
18-19 |
11 |
9 |
1 |