Тәрбие жұмыстары
Биология кафедрасында тәрбие жұмыстары 8 бағыт бойынша жұмыс жасайды
І. Ұйымдастыру және жоспарлау
II. Патриоттық сананы қалыптастыру
Мақсаты: Патриоттық сананы қалыптастыру
Міндеттері:
- патриоттық құндылықтарға саналы оң қарым- қатынасты қалыптастыру;
- белсенді азаматтық ұстанымды іске асыруға ұмтылуды қалыптастыру;
- Отанды: Қазақстанның мәдениетін, тарихын, фольклорын, салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу;
- мемлекеттік рәміздерді білуді насихаттау;
- елдің жетістіктері үшін жауапкершілік пен мақтаныш сезімін дамыту
III. Рухани-адамгершілік даму
Мақсаты: Өзінің міндеттерін түсінетін және қабылдайтын, өмірді және өзін, өзінің іс-әрекеттерін рухани-адамгершілік нормалары тұрғысынан дұрыс бағалауға қабілетті толық тұлғаны тәрбиелеу, өзін-өзі, өзінің қабілетін, рухани-адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі дамыту және жетілдіру мүмкіндіктерін тану.
Міндеттері:
- дәстүрлі көзқарас пен дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған әлемнің көптүрлілігін. қарама-қайшылығы мен күрделілігін тану;
- адам өмірінің құндылықтарын және әр адамның ерекшелігін түсіну, өз өміріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
- қайсар мінезді, туындайтын кез келген қиыншылықтарды жеңіп шығуға, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге талпыну қабілеттерін қалыптастыру;
- әлемге, басқа адамға және өзіне деген махаббатқа, жағымды сезімдер мен қарым-қатынасқа құрылған жоғары жүйені бекіту және дамыту.
IV. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу
Мақсаты: Достыққа, төзімділік пен өзара түсінушілікке тәрбиелеу, ғылыми және мәдени жетістіктерді тәрбиелеу мақсатында пайдалану
Міндеттері:
- әртүрлі халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсінуге, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
- тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ететін мәдени ерекшеліктерге деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
әлем мәдениетінің негіздеріне бейімдеу және басқа халық өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- студенттердің ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
- тұлғаны бейбітшілік рухында, басқа халықтармен өзара түсінушілікке тәрбиелеу, әлем мәдениетін сақтауға қажеттілігін дәріптеу.
V. Құқықтық тәрбие
Мақсаты: Құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы жетілдіру, заңды іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуға баулу
Мақсаттары:
- Республика Конституциясын, еліміздегі заңнама негіздерін, Конституцияны қатаң сақтау қажеттілігін, мемлекеттің заңдары мен басқа да құқықтық актілерін білуді, жеке іс-әрекеттері үшін өзінің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру;
- құқық нормаларын, қоғамның құқықтық жүйесінде орын алатын заң мен процестердің талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін білуді, құқықтың әлеуметтік құндылықтарын, заңдылықты, соңғысын қамтамасыз етудегі жеке рөлін, заң бұзушылықпен күрестің тәсілдері мен құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру;
- құқыққа, басқа тұлғалардың құқықтары мен еркіндігіне, заң бұзушылық фактілеріне, мемлекеттің және елдегі құқықтық тәртіпті белгілеу органдарының қызметіне деген тиісті эмоционалды қарым-қатынасты қалыптастыру;
- құқықтық нормалар және заңның талаптарына сәйкес өзінің құықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайдалана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру;
адамның өз бойындағы жағымды қасиеттерді жетілдіруге, жағымсыз әрекеттерге, заң бұзушылық болған жағдайда қарсы тұруға психологиялық дайын болуын қалыптастыру.
VІ.Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мақсаты: Білім алушылардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу, денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну, дене тұрғысынан жетілу
Міндеттері:
- салауатты өмір салты принциптерін іске асыру үшін жағдайлар жасау;
- студенттердің салауатты өмір сүру принциптері мен дағдыларын меңгеруі, дене тәрбиесімен және спортпен тұрақты шұғылдану қажеттілігіне тәрбиелеу;
- студенттердің денсаулығын сақтау және нығайту, ағзаның дұрыс қалыптасуы мен жан-жақты дамуына ықпал ету;
- спортты дәріптеу;
- денсаулыққа құндылық ретінде жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша әлеуметтік тәжірибені белсендіру;
- дене жаттығуларымен шұғылдануда саналы қажеттіліктерді қалыптастыру, дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдануға, спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға және бұқаралық спорттық іс-шараларға практикалық қатысуға, сондай-ақ спорттық жарыстарды ұйымдастыруға тарту;
- денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, белсенді демалысқа, дене тәрбиесімен, туризммен және спортпен шұғылдануға тарту
VІI. Жастар бастамаларын қолдау
Мақсаты: Жастардың одан әрі тұлғалық және кәсіби дамуы үшін іскерліктер мен дағдыларды алуына, қабілеттері мен жеке қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ өз өңіріндегі қоғамдық өмірге белсене қатысуына көмек көрсету
Міндеттері:
- Жастардың бастамаларын дамыту және қолдау, өзін-өзі табысты дамытуына және қоғам өміріне белсенді қатысуына;
- жастар жобаларының үздік практикалары мен технологияларын таратуға көмек көрсету.
VIII. Ақпараттық-насихаттау жұмысы
Мақсаты: ақпараттық әсер етудің құралдары мен әдістерін мақсатты кешенді пайдалану
Міндеттер:
- елдің жетістіктерін кең көлемде насихаттау;
- БАҚ-ты түсіндіру мен насихаттау құралы ретінде пайдалану;
- ақпараттық ортамен тиімді іс-қимыл жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
- ОҚМПИ ға кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу;
- Бітіруші түлектермен жұмыс жүргізу, түлектер ассоциациясын құру.
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытып ,көп ұлттық мәдениетті жаңғырту мақсатында түрлі клубтар мен үйірмелерде іс-шаралар ұйымдастырылады. Дәстүрлі түрде «Мен таңдаған мамандық», «Наурыз тойы думан тойы» және «ОҚМПУ АРУЫ-2018» концерттік бағдарламалар өткізіледі.
Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.
Студент жастарымыздың жастар жылына өткен іс- шарасынан үзінді.
XXI ғасыр көшбасшысы
Студенттеріміз оқу процесімен қатар тәрбие саласында қатар алып жур. Мерекелік іс-шаралардан суреттер.
«Қыз өмірдің гүлі» Аналарымыздың мерекесіне арналған мерекелік іс шара
Рухани-адамгершілік даму
Жаратылыстану факультеті қараша айында ашық есік күнін өткізді.
Патриоттық сананы қалыптастыру.
Шымкент қаласы бойынша еліміздің көк туы біздің оқу ордамызда көтерілді.
Ту көтеру сәтінен естеліктер.
Университетіміздің студент жастарынан құралған КВН командасы «ОҚМПУ жастары»
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жастарымыз спорт саласында да белсенді. Біздің мақтаныштарымыз.
Біздің мақтаныштарымыз