ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 16 оқытушы, оның ішінде: 1 ғылым докторы, академик, 7 ғылым кандидаты, 6 магистр-аға оқытушы және 2 магистр-оқытушы. Кафедраның ғылыми әлеуеті 50 пайызды құрайды.
ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПОТЕНЦИАЛЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
№ |
Кафедра |
Барлығы |
Ғылым докторлары мен профессорлар |
Ғылым кандидаттары және доценттер |
Ғылыми дәрежесі жоқтар |
Ғылыми дәрежелігі, % |
|||
саны |
% |
саны |
% |
саны |
% |
||||
1 |
География |
16 |
1 |
6 |
7 |
44 |
8 |
50 |
50 |
Оқытушылар білім беру бағдарламасын жетілдіруге қатысады: оқулықтар, монографиялар, бағдарламалар басып шығару, ҚОТ бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүзеге асырылады (видеолекциялар, кейстер, онлайн және оффлайн-лекциялар, аудиолекциялар жоспарланған), ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстарымен тиімді айналысады.
Сонымен қатар "География" кафедрасының оқытушылары кандидаттық диссертацияларға пікір мен рецензиялар жазады, магистрлік, кандидаттық диссертацияларды қорғау кезінде ресми оппоненттер ретінде сөз сөйлейді.
Жалпы кафедра оқытушылары 2018-2019 оқу жылындағы ҒЗЖ нәтижелері туралы 30 пікір берді, соның ішінде ПОҚ, білім алушылар, мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына – 16, магистрлік жұмыстарға – 4, дипломдық және курстық жұмыстарға - 9, монографияларға – 1.
"География" кафедрасының оқытушылары мерзімді түрде біліктілігін арттырады, оқыту семинарларына қатысады, республикалық ЖОО-ға, жақын және алыс шетелдерге іссапарға барады.
Кафедра оқытушыларының зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми журналдарда, ғылыми-практикалық конференциялардың, соның ішінде шетелдердің жинақтарында жарияланады.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы екі бағытта жүргізіледі:
1. "Рухани жаңғырту аясында туған өлкенің қасиетті орындарының құрылымын анықтау»
Орындауға жауаптылар – кафедра меңгерушісі, ПОҚ: Налибаев К. К., Кожабекова З. Р., Налмишова К. Н., Турданова М. С., Алимбекова Г. Т.
2. "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында адами капиталды қалыптастырудың құқықтық және экономикалық аспектілері".
Орындауға жауаптылар - кафедра меңгерушісі, ПОҚ: Сартбаева У. К., Исатаева Г. Б., Темирова Ж. Ж., Баубекова И. М., Ескерова А. С., Алимкулова А. С., Онгарова Г. Т.
Осы бағыттар бойынша оқу жылы ішінде 2 монография және 5 оқу құралы, түрлі ғылыми журналдарда 32 мақала, ғылыми конференциялар жинақтарында 43 мақала жарияланды. Кафедра бойынша 1 ПОҚ-ға шығарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны орта есеппен 5,2 құрайды, ал көлемі 5,02 баспа парақты құрайды.
Ғылыми-зерттеу қызметі ғылыми дәрежесінің, атағының, халықаралық басылымдардағы, ЖАК ұсынатын журналдардағы мақалалардың санының болуы, беделді ғылыми басылымдардағы жұмыстардың дәйексөзге келтірілу индексі, түрлі деңгейдегі конференцияларға қатысу, орындалған шаруашылық келісім-шарт жұмыстарының көлемі, гранттар, сыйлықтар және т. б. көрсеткіштері бойынша баллмен бағаланады.
2017-2018 оқу жылында кафедра университет бойынша Ғылыми көрсеткіштер бойынша бірінші орынға ие болды. Э.ғ.к., аға оқытушы Г. Б. Исатаева ПОҚ арасында мониторинг бойынша ең жоғары баллмен он оқытушы құрамына кіреді.
География кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы шетел және республикалық басылымдарда жоспарлы және жоспардан тыс Жарияланымдар жариялайды.
Оқу жылы ішінде 43 мақала ғылыми конференциялардың жинақтарында, оның ішінде 7 мақала алыс шетелдерде, 22 – ҚР халықаралық конференцияларында, 14-аймақтық конференцияларда жарияланды.
Халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық конкурстардың (жарыстар, олимпиадалар) жеңімпаздары туралы мәліметтер
Халықаралық |
Республикалық |
Облыстық |
Қалалық
|
Жалпы саны
|
- |
ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада 5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша күндізгі бөлімнің 1-4 курс студенттері арасында |
- |
5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандығының 2 курс студенттері арасында қалалық студенттік пәндік олимпиадада 3 орын алды. |
2 орын |