Оқу әдістемелік жұмыстар

5В011600 – География және 5В012900- География – тарих мамандығы стандарттармен (ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 23.12.05 ж. №779 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 23.01.08 ж. №26 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған), типтік оқу бағдарламаларымен (ҚР БжҒМ N289 бұйрығымен 11.05.2005ж. енгізілген және бекітілген, Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесі 22 маусым 2006 жылғы мәжіліс хаттамасы шешімімен бекітіліп, іске қосылған) және типтік оқу жоспарымен толық қамтамасыз етілген.

5В011500- Құқық және экономика негіздері  мамандығы стандарттармен (ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 03.11.10 ж. № 514 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған,), типтік оқу бағдарламаларымен (ҚР БжҒМ N289 бұйрығымен 11.05.2005ж. енгізілген және бекітілген, Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесі 22 маусым 2006 жылғы мәжіліс хаттамасы шешімімен бекітіліп, іске қосылған) және типтік оқу жоспарымен толық қамтамасыз етілген.

               5В011600 – География мамандығы бойынша оқу жылының 1 жартыжылдығында 15 пән оқытылды және 5В012900- География –тарих  2018-2019 оқу жылының 1 жартыжылдығында 12 пән оқытылды, бұл пәндердің барлығынан силлабустар жасалды және олардың мазмұны типтік оқу бағдарламасына сәйкес келеді. Барлық  курстарға оқу бағдарламалары мен силлабустар дайындалды. Бұл мәселе кафедра мәжілісінде (№1 хаттама, 28.08.18ж.) қаралып, талқыланған.

              5В011500 – Құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша 2018-2019 оқу жылының 1 жартыжылдығында да 10 пән оқытылды, бұл пәндердің барлығынан силлабустар жасалды және олардың мазмұны типтік оқу бағдарламасына сәйкес келеді. 10 элективтік курстарға оқу бағдарламалары мен силлабустар дайындалды. Бұл мәселе кафедра мәжілісінде (№1 хаттама, 28.08.18ж.) қаралып, талқыланған.

Элективтік пәндер каталогы 5В011600 – География, 5В012900- География –тарих  мамандығы және 5В011500 – Құқық және экономика негіздері мамандықтары бойынша кафедрада жасалып талқыланды және бекітілген.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен оқытудың жаңа әдістерін ендіру  мен студенттердің танымдық қызметін белсендіру саласында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Кафедра оқытушылары лекция және семинар сабақтарының барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолданды. Атап айтқанда, проблемалық оқыту әдісі, ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, деңгейлеп және саралап оқыту технологиялары, бағдарламалы оқыту технологиясы.

            Осы педагогикалық технологияларды сабақ барысына енгізу студенттердің пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттырады.

Кафедра оқытушылары инновациялық әдістерді қолданудың студенттердің танымдық деңгейін арттырып, оларда тыңғылықты, дәлелді білім қалыптастыратынын есепке ала отырып, 2018-2019 оқу жылында оқу процесіне инновациялық әдістерді енгізуді қолға алуда.

Кафедрада өткізілетін пәндер бойынша лекция, зертханалық және практикалық сабақтардың мазмұндылығын, өту сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылардың өзара сабаққа қатысу кестесі жасалған, ол кафедра мәжілісінде (№3 хаттама, 15.10.18ж.) қаралып, кестесі бекітілген. Профессор-оқытушылар өздері қатысқан сабақтардың талдауын арнайы өзара сабаққа қатысу журналына тіркейді. Онда жетістіктері, кемшіліктері, қолданған көрнекі құралдары туралы нақты жазылған.

        2018-2019 оқу жылының 1 жартыжылдығында оқытушылардың 7 өзара сабаққа қатысу жоспарланып, ол дер кезінде орындалған. Оның ішінде 4 лекция және 3 семинарлық сабағы.Өзара сабаққа қатысу құрылған кесте бойынша орындалып,  сабаққа қатысып,  пікір білдіру өзара сабаққа қатысу журналына толтырылды. Оның кестесі (Тіркеме № 9) жыл басында кафедра мәжілісінде бекітілген (№3 хаттама, 15.10.18ж.).

Биылғы оқу жылының І-ші жартысында кафедрада 3 ашық сабақ өткізу жоспарланған (кесте 4). Оның кестесі кафедра мәжілісінде (№2 хаттама, 18.09.18ж.бекітілген. Бұл жоспар толығымен орындалып, ашық сабақтардың сапасы, деңгейі туралы пікірлер кафедра мәжілістерінде (№ 4 хаттама, 15.11.18ж.) талданды және ұсыныстар берілді, қорытындысы арнайы журналға тіркелген.

2018-2019 оқу жылында академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бойынша География кафедрасының атқаратын жұмыстары жөнінде жоспар жасалды. Кафедраданың ПОҚ академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс орталығы өткізген жиналыстарға қатысып, орталықтың тапсырмаларын дер кезінде атқарып отырды. География кафедрасы бойынша 2018-2019 оқу жылындағы академиялық ұтқырлық бойынша ақпараттар келесі 7 кестеде көрсетілген

Кесте 8

 

Аты-жөні

Ғылыми атағы

Мерзімі

Келді

Кетті

Ескерту

ОПҚ-ның академиялық ұтқырлық бойынша мәліметі

1

Мустафа Ахмед  Селми

PhD, доктор

08.10.- 03.11.2018

Суец Каналы Университеті, Мысыр

-

Сыртқы АҰ

2

Душински Марцин Эдвард

MSc, профессор

01.10-27.10.2018

Жоғары Бизнес академиясы, Жаңа Сонче қаласы, Польша

-

Сыртқы АҰ

Студенттердің  академиялық ұтқырлық бойынша мәліметі

1

Жакауова Майра Есенбайқызы, 115-17

5В011500- Құқық және экономика негіздері

1 академиялық семестр

 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

-

Ішкі АҰ

2

Ермахан Ақнұр Серікқызы

116-16

5В011600-География

1 академиялық семестр

-

Абай атындағы ҚазҰПУ

Ішкі АҰ

3

Қожабаев Қуаныш

129-88

5В012900- География-тарих

1 академиялық семестр

-

Карой Эстерхази атындағы университет Эгер қаласы, Венгрия

Сыртқы ҰА

 

 

PhD, доктор Мустафа Ахмед  Селми, 116-17а оқу тобы

MSc, профессор Душински Марцин Эдвард 115-17, 116-17а оқу топтары

Кафедрада ғылыми-әдістемелік семинар үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Семинар отырысы жүйелі түрде өткізіледі. 2018 жылдың қазан айынан бастап семинарда 2 баяндама жасалған. Өткізілу туралы құжаттар жинақталып баяндамалар жайлы мәліметтер төмендегі кестеде  берілген.  2018 жылдың 30-қарашасында География кафедрасында «Жаңартылған білім берудің - кәсіби маман таңдаудағы маңызы» оқу-әдістемелік семинары өтті.