Тәрбие жұмыстары
География кафедрасының 2018-2019 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы мен жастар саясаты жөніндегі іс-шаралардың 8 бағытын қамтитын жоспарына сәйкес, география кафедрасында атқарылатын 2018-2019 оқу жылындағы 8 бағыттан тұратын тәрбие ісі жөніндегі жоспары құрылып бекітілген. Ондағы қарастыратын басты бағыттар: студенттерге Қазақстандық патриотизм, отаншылдық тәрбие беру, адамгершілік - рухани және эстетикалық тәрбие беру, студенттерді ұлттық тәлім-тәрбие негіздеріне баулу, халқымыздың педагогикалық ұстанымдарын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың арасында жаппай спорт түрлерін дамыту, нашақорлық пен ЖҚТБ (СПИД) ішімділік және жеңіл жүрістің алдын алу шаралары, студенттер арасында діни экстремизм мен ұлтаралық жанжалдарға жол бермеу шаралары, діни тәрбие беру, экологиялық тәрбие беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу шаралары, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстары т.б.
Кафедраның студенттері жатақханамен толық қамтамасыз етілді, жатақхана ережелері түсіндірілді. Жатақхана бөлуге құрылған комиссия мүшелері студенттердің жанұялық жағдайларына қарап, белгілі тәртіппен ережеге сүйене отырып, жатақханадан орындар берді.
География, Құқық және экономика, География-тарих мамандықтарының әр топ студенттерімен болашақ педагог маманның миссиясы, олардың жұмысқа орналасуы, еліміздің және ЖОО патриоты болуы, ғылыми жұмыстармен айналысуы, ағылшын тілін меңгеруі және елімізде болып жатқан өзекті мәселелер тақырыбында кафедра меңгерушісі әңгімелер өткізіп отырады.
Оқу топтарында жүргізілетін іс-шаралар мен тәрбие жұмыстарының құжатталуы номенклатураға сәйкес дайындалып, жинақталған.
Оқу жылының басында 1 курсқа қабылданған студенттерді факультет өмірімен, студенттердің міндеттерімен, оқу регламентімен, кредиттік оқыту жүйесімен, GPI-балмен таныстыру жұмыстары жүргізілген. Қоғамдық тәрбие аясында 1- курс студенттерін қыркүйек айында жолда жүру ережелерімен таныстырып, хаттамаланған. Студенттер қалалық транспорт түрлерімен, бағдаршамдардың жұмыс істеу ережелерімен таныстырылған. Топ студенттерiнiң жеке тұлғасымен танысу жұмыстары жүргізіліп, мәліметтер жинақталған. Жеке пәтерде және жатақханада тұратын студенттердің жағдайымен танысу жұмыстары жүргізіліп, мәліметтер алынған. Жатақханада, оқу орнында және қоғамдық орындарда студенттің өзін ұстауы, этика мен эстетика туралы үнемі әңгімелер жүргізіліп отырады. 2018-2019 оқу жылына арналған География кафедрасында әр бір
топ тәлімгерлерінің басқаруымен топ басшылары сайланып, тәлімгерлік жоспарлары кафедрада талқыланып, бекітілген. География кафедрасында 5В011500 – Құқық және экономика негіздері, 5В011600-география, география-тарих мамандықтары бойынша 17 оқу тобына тәлімгерлік жетекшілік жасалады. Әрбір топқа, топ тәлімгерлерімен бірге тазалығына, көркемдігіне жауапты оқу зертханалары бекітілген. Бекітілген зертханалары стендттермен, мемлекеттік рәміздермен, арнайы зертханалық техника қауіпсіздік бұрыштарымен қамтылған. Кафедра мәжілісінде тәлімгерлердің әр айында жүргізген тәрбие жұмыстарының барысы талқыланып және қорытынды жасалып хаттамаланған.
2018-2019 оқу жылында География кафедрасының топ тәлімгерлері бекітілген топтарымен бірлесе отырып өз жоспарларына сәйкес ашық тәрбие сағаттарын өткізіп хаттамалаған. 22.09.18ж. күні кафедраның оқытушылары Қ.Н. Налмишева, Г.Т. Алимбекованың жетекшілігімен 2018 жылдың қыркүйек айында мамандық студенттерімен «Домалақ ана, «Ақ мешіт» кесенелеріне барып, саяхат жасап қайтты.
20.03.2019 күні кафедраның магистр, аға оқытушысы А.С.Ескерованың жетекшілігімен 115-17,116-17,129-17 топтары арасында наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз-Наурыз» атты тақырыпта факультет көлемінде ашық- тәрбие сағаты болып өтті.
2019жылы 28 сәуірде Шымкент қаласы, Тәуелсіздік алаңында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аясында «Парк шеруі» мерекесі салтанатты түрде ашылып, мамыр айында қорытынды жабылу іс-шараларын өткізу қолға алынған. Кафедра аға оқытушысы Қ.Н. Налмишеваның басқаруымен мамандықтың 1 курс студенттері іс-шараға қатысты. Мақсаты- туристерді туған өлкеге тарту үшін табиғаты әсем жерлердің инфрақұрылымын, қызмет көрсету салаларын халықаралық стандартқа үйлестіру және табиғаты әсем жерлерді барынша табиғи күйдегі көрнісін қалыптастырып сақтап қалу.
18.04.2019 күні Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов ауылында, бұрынғы «Красная горка» қазіргі «Шұбай қызыл» төбешігінде дәстүрлі «Қызғалдақтың отаны – Қазақстан» атты фестивалі болып өтті. Фестивалға алыс-жақын шет елдерден қонақтар, туристер келіп, әсем гүлге оранған өлкенің ерекше болмысына қызығып таңдайларын қағысуда. Болашақта бұл жер жалпы Оңтүстік өңірінің танымдық туристік аймағының бірі болатынына біз кәміл сенеміз. Осы фестивалге 1-курс студенттер 129-18,87 116-18, 115-18,28 топ студенттері Балықты көлінің жағасына тал егіп, өз үлестерін қосып, туған өлкелерінің әсем табиғатын көріп өздерін рухани жаңғыртып осы мамандықты адаспай таңдағандарына қуаныштарын білдіріп қайтты.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2019 жылдың 4-5 сәуір аралығында 5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша 1-4 курс күндізгі бөлім студенттері арасында ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиада да үш тур бойынша өткізілді: 1. Жазбаша жұмыс, 2. Жоба қорғау; 3. Пәндер бойынша тест. Кафедраның э.ғ.к., аға оқытушы И.М.Баубекованың жетекшілігімен 115-17, 115-16 оқу тобы студенттері қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды.
17.04.2019 жылы География кафедрасының оқытушылары мен студенттері Шымкент қаласы әкімдігінің "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін "Самғау сенім орталығына" арнайы концерттерімен барды. Балалардың көңілін көтеру үшін арнайы қызықты ойындар ойнатылып, ән шырқап, би билеп уақытты көңілді өткізді. Концерт көп уақыт болмасада, аналар мен балалардың есінде қаларлықтай үлкен әсер қалдырды. Концерттік бағдарлама қызықты өтуіне байланысты уақыттың қалай зымырап өткенін байқамай қалған балалар көңілді күйде қалды.