Халықаралық онлайн конференция өтті

27.03.20

"Данагөйлердің сөзін ұғынып, есте сақтап қалған  адам әрі қарай кемелдене түседі." Осындай тақырыппен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ұлы Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық онлайн конференция өтті. Челлендж түріндегі басқосуға Түркияның Анкара университеті студенттері де қосылды. Қос университеттің студенттері  челленджге белсенді қатысты. Олар Абай шығармаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жатқа айтып берді.  Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Қазақтың  кемеңгері соңына өшпестей мол мұра қалдырды.  Соның арқасында ол ұлтымызбен бірге мәңгі жасай бермек.