Байқауға қатысып, грант жеңіп алды

22.04.20

ОҚМПУ-дың PhD докторы Әлия Оралбекова жас ғалымдарға арналған байқауға қатысып, ұсынған жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды. Ғалым байқауға «Әлемді тану» компьютерлік бағдарламасын қолдана отырып, «Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды бейімдеу»  жобасын ұсынған. Әлия Оралбекова өз еңбегінде инклюзивті білім беру жағдайында мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзектілігі, мектеп өмірі туралы білім беру проблемасын шешу маңыздылығы, инклюзивті білім беру жағдайында балаларды мектепке бейімдеу, мұғалімнің кәсіби іс-әрекеттерді орындау кезінде педагогикалық және психологиялық аспектілерді ескеру қабілеті, нормативтік құжаттар мен оқу материалдарына сәйкес компьютерлік білім беру бағдарламаларын қолдану мүмкіндіктерін қарастырған.
Жоба бойынша алынған ғылыми зерттеудің нәтижелерін ҚР заңына сай рейтингі жоғары журналдар мен халықаралық ғылыми конференцияларда жариялау жоспарлануда.