Вебинарда білім берудің өзекті проблемалары талқыланды

23.04.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Білім берудің өзекті проблемалары: қашықтықтан оқыту технологиялары" тақырыбында онлайн семинар өтті.  Қашықтықтан оқыту технологияларын білім беру процесінде кеңінен қолдану тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған  ғылыми басқосуды білім ордасы ректорының міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева ашып берді. Семинарға Қазақстан, Ресей, Литва жоғары оқу орындарынан спикерлер қатысты. Қатысушылар бір-бірімен  Webex Meetings бағдарламасы арқылы байланыс орнатты. Онлайн семинардың  модераторы  Ресейдің Томск мемлекеттік педагогикалық университеті  физика-математика және жаратылыстану ғылымдары орталығының директоры  Михаил Червонный өз тәжірибелерін жан-жақты баяндап берді. Қатысушылар сондай-ақ  студенттерді оқытуды ұйымдастыру,  педагогикалық, лингвистикалық, экономикалық және физика-математика бағыттарында түрлі онлайн платформаларды қолдану секілді тақырыптарды да қаузады.