Студенттер онлайн сынаққа әзірлігін бастады

24.04.20

Сессия. Емтихан.  Дипломдық жұмыс. Оқу семестрі аяқталуға жақындаған сайын осындай білім сынақтарының жайы студенттерді толғандыра бастады.  Осыған орай ОҚМПУ-і оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек онлайн байланыс арқылы студенттермен тікелей эфирде жүздесті. Бірнеше сағатқа созылған эфир барысында студенттер әсіресе  ауылды жерлерде интернет байланысының нашарлығы немесе мүлдем жоқтығына шағымданды. Бұл  олардың сабаққа әзірленуіне, тақырыпқа сай ізденуіне, мұғалімдермен кері байланыс орнатуына мүмкіндік бермей отыр.  Университет проректоры   сынақ барысында әрбір білім алушының жағдайы мен білім алу мүмкіндігі жеке дара ескерілетінін айтты.  Студенттердің мұнан өзге де сауалдарына тыңғылықты жауап берді.