Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Иманбаев Н. Web of Science, Scopus система навигации в мире научных публикаций тақырыпта ғылыми семинар өткізді. Семинарға университеттің ПОҚ қатысты. Семинарда ғалым Скопус, Томсен базасында мақала жариялау жолдары мен мақаланы талапқа сай рәсімдеу туралы жан-жақты ой қозғады. Ғалым өз мақаласы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ғалымға ПОҚ жарияланымға байланысты сұрақтар қойып, жарияланым аясында талқылаулар жасалды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына 1 жыл толуына орай университетте 2018 күнтізбе жылында 5 халықаралық, 3 республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылып, нәтежиелері ғылыми жинақтарда жарияланды.
Халықаралық конференциялар
- «Ұлттық бірегейлікті сақтау және дамытудың педагогикалық оқу орындарындағы жүйеленген әдіс-тәсілдері» Бектаев оқулары – 3 атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (26 қаңтар 2018жыл).
- «Үш тілде оқыту кезеңіне өтуде ағылшын тілін оқыту мен зерделеу: мәселелер зерттеулер және жетістіктер» студенттердің бірінші халықаралық конференция (14-15 наурыз 2018 жыл).
- «Төртінші өнеркәсіптік революцияға 10 қадам: адами капиталды байыту мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (20-21 сәуір 2018 жыл).
- «Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы болашақ ұстаздың сана ашықтығын дамыту және қалыптастыру» Байтанаев оқулары – 6атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (18 мамыр 2018жыл).
- «Қазіргі заманғы саяси және мәдени кеңістіктегі өнер мен білім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (7 қараша 2018 жыл)
Республикалық конференциялар
- Омар Базаркүл Қалтайқызының 70 жылдығына арналған «Білім салтанатын құрудағы мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекеті» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (28 ақпан 2018жыл).
- «Ақпараттық қоғам және жастар» атты студенттердің дәстүрлі республикалық VІI ғылыми-тәжірибелік конференция (9-10 сәуір 2018жыл).
- Нариман Жұмашұлы Нұрпейісовтің 60 жасқа толу мерейтойына арналған «Әдеби мұра – рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (23 маусым 2018жыл).