Жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОҚМПУ- ге келді

27.10.19

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне арнайы келді. Министр оқу ордасындағы археологиялық жасақтың қазба жұмыстары кезінде тапқан жәдігерлерінен жасақталған "Өркениет көшіндегі Ұлы Дала" көрмесін тамашалады. Сондай-ақ Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері қойылған "Назарбаев орталығы" мен "100 жаңа оқулық" коворкинг орталығының жұмысымен танысты. Айта кету керек, "Назарбаев орталығындағы" танымдық материалдар ғылыми-педагогикалық құрамның барлық деңгейіндегі мұғалімдер мен студенттер ге арналған. 

Инновациялық білім беру жағдайындағы педагог креативтілігі

26.10.19

 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде профессор-оқытушы құрамының  дәстүрлі «Инновациялық білім беру жағдайындағы педагог креативтілігі» атты халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын нәтижелі аяқтады. Конференцияға  Қазақстан республикасының жоғары,орта оқу орындары, алыс-жақын шетелдерден атап айтқанда Ресей Федерациясы, Қарақалпақ республикасы, Түркия және Өзбекстан республикаларынан  150 ден аса мақала  келіп түсті.

Қайырбекова Анар Мерекеқызы «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры болып тағайындалды

25.10.19

18 қазан күні  ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова университет ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бұйрығымен  Қайырбекова Анар Мерекеқызы «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры қызметіне тағайындалды.

Анар Қайырбекова  1976 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген.

"Алтын қайшы" иегері - ОҚМПУ студенті

21.10.19

18.10.2019 ж. Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жастар жылы жобасы аясында «Алтын қайшы» жас дизайнерлер арасындағы байқауға оқу ордамыздың «Ақбаян» студенттік сән театры қатысып, нәтижесінде «Прет-а-порте» номинациясы бойынша «Жігерлі жастар» коллекциясымен Филология факультетінің 3-курс студенті Гаухар Төлбасы 1-орын иегері атанды. Жетекшісі – халықаралық дәрежедегі дизайнер, Дефиле, Тігін үйірмелерінің жетекшісі Марат Ерімбетов.

 

ОҚМПУ -і мұғалімдер жалақысын өсірді

17.10.19

ОҚМПУ-і мұғалімдер жалақысын көтерді. Мемлекет басшысының білім сапасын жақсарту және педагогтарды қолдау тапсырмасына орай Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік ЖОО-ы ректорларына мұғалімдер жалақысын 30% пайыздан 50%-ға дейін көтеруді тапсырған болатын. Осыған сәйкес ОҚМПУ-і барлық қызметкерінің еңбекақысын 40%-ға өсірді.

Үздік эстарада әншісі атанды

17.10.19

ОҚМПУ-нің студенті Рәзия Әуезхан  Алматы қаласында өткен "Жас Дарын" республикалық байқауының жүлдегері атанды. Өнерлі жас  байқаудың  "Эстрадалық ән" номинациясының бас жүлдесін жеңіп алды.  Өнер додасы "Ұлы есім иелері, шексіз білім иегері" деген атаумен мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылды.

Білімін шетелде жалғастырады

15.10.19

ОҚМПУ-нің 20 студенті Еуропада білім алуға аттанды. Университет олардың  бір оқу семестрін шетелдегі атақты жоғары оқу орындарында жалғастыруына мүмкіндік жасады. Осы лектегі 14 студент Венгрияның Кароя Эстерхази университетінде, қалған алтауы Польшаның Лодзь университетінде оқиды. Қазақстандық жастар  осы мүмкіндіктің арқасында өз мамандықтарын үйренумен бірге  шет тілдерін терең меңгеріп, дүниетанымын кеңейтеді. Сондай-ақ еуропалық құрбы-құрдастарына еліміздің жетістіктері мен мәдениетін, тарихын танытпақ.

Халықаралық көрмеге қатысты

14.10.19

Еліміздегі маңызды шаралардың бірі саналатын халықаралық білім көрмесіне ОҚМПУ-нің студенттері ерікті ретінде қатысты. Оған 50 мемлекеттің 300 жоғары оқу орны қатысты. Көрмеде талапкерлерге 20 мың білім гранты ұсынылды.

ҚР оңтүстік өңірлеріндегі Жетекші мектептерінің «ЖАҢАРУ ЖАРШЫСЫ» I Аймақтық форумы

10.10.19

Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауымен  10-11 қазан күндері Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында  ҚР оңтүстік өңірі Жетекші мектептерінің «ЖАҢАРУ ЖАРШЫСЫ» I Аймақтық форумын   өткізеді.

ОҚМПУ-нің аға оқытушысы Бекарыс Нұриманов - шетелдік ғылыми журналдың редакциялық алқа мүшесі

09.10.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, PhD докторы .Нұриманов Түркиядағы "Millî Folklor" журналының редакция алқасының мүшесі әрі Қазақстандағы өкілі.

Millî Folklor журналы - Scopus және Clarivate Analytics (AHCI) базаларындағы дәрежесі жоғары ғылыми журналдың бірі..

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар