БЕКМАНОВА ДАРИҒА

БЕКМАНОВА ДАРИҒА

тарих ғылымдарының кандидаты

Бекманова Дариға Маханқызы 1957 жылдың Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында дүниеге келген. 1975 жылы Шымкент қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы №29 орта мектепті үздік бітірді. 1975-1980 жылдары Шымкент педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетінде оқып білім алды.

Еңбек жолын 1980-1988 жылдары Шымкент педагогикалық институтында СОКП кабинетінің меңгерушісі, СОКП тарихы кафедрасының оқытушысы болып бастады. 1988 жылы «Развитие хлопководства в Казахстане в период социализма (1960-1980г.г.)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

1989-1990 жылдары Шымкент педагогикалық институтының тарих-педагогика факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. 1990-2011 жылдары Шымкент педагогика институты, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтының Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушы қызметінде болды. Ұзақ жылдардағы жемісті еңбектері бағаланып, ҚР Президентінің «Құрмет грамотасымен», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Құрмет грамоталарымен» (2002, 2005 ж.) және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтының  «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан және әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқаруда.

Д.Бекманова  - 30-ға жуық ғылыми мақалалар мен 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдардың авторы