ҚУАНЫШОВ САПАРБАЙ

ҚУАНЫШОВ САПАРБАЙ

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, доцент

Қуанышов Сапарбай Әбдіқайұлы  1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт  ауданына қарасты Қызыл таң елді мекенінде дүниеге келді. 1969  жылы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген.

1969 жылдың 20 тамызынан  Жамбыл облысына қарасты Меркі ауданы Гранитогорск мектеп-интернатында математика пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады. 1969-1970 жылдар аралығында әскери борышын атқарып, 1970-1971 жылдар арасында Шымкент қаласындағы Локомотив ұйымында жаттықтырушы болды. 1971 жылы Шымкент педагогикалық институтының Спорт пәндері кафедрасында лаборант, аға лаборант қызметтерін атқарған. 1974-1979 жылдары Шымкент педагогикалық институтын дене тәрбиесі мамандығы бойынша  бітірді.

1978 жылы грек-рим күресінен «Спорт шебері» атанды. 1981 жылдан Спорт пәндері кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды. 1988 жылдан аға оқытушы, 1990 жылдан қазақша күрестен Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушы, 1992 жылдан  доцент қызметіне тағайындалды. 1999 жылы ЖАК шешімімен педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 1996-2002 жылдары  “Сырдария” университетінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімшесінің дене тәрбиесі кафедрасына доцент қызметіне қабылданды.

2011 жылдың қыркүйегінен С.Ә.Қуанышов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының  спорт және өнер факультетінде  дене шынықтыру және спорт пәндері  кафедрасында доцент қызметін атқаруда.