Алдияров Ахметжан Жұмаділләұлы

Алдияров Ахметжан Жұмаділләұлы.Тарих ғылымдарының кандидаты

             Алдияров Ахметжан Жұмаділләұлы 1955 жылдың 22 наурызында Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Табақсай ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектепке барып, 1973 жылы А.Пушкин атындағы орта мектепті бітірді.

   1973 жылы Н.Крупская атындағы Шымкент педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетіне оқуға түседі.

   1978 жылы оқуды бітірген соң Қазақ КСР ҒА Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының құрамындағы Шымкент педагогикалық институттың зерттеушісі болып еңбек жолын бастайды. 

   1981-1982 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтының   КСРО  тарихы кафедрасында лаборант; 1981-1984 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография Қазақстан ҒА аспиранты; 1984-1988 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институттында пионер-комсомол жұмыстарының теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы; 1988-1995 жылдары педагогика кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы қызметтерін атқарды.

            1989 жылы желтоқсан айында Қазақ ССР ҒА Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында «История строительства и развития Шымкентского ордена Трудового Красного Знамени цементного завода имени В.И.Ленина (1955-1980 гг.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шығады.

            1995 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ бүкіләлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақсан мемлекеттік педагогикалық институтының Психология кафедрасының аға оқытушысы  қызметін  атқаруда.